Серена Диясты екінші рет жеңді

Қазақстандық 22 жастағы теннисші Зарина Дияс Miami Open (АҚШ) турнирінің үшінші кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямстан 5:7, 3:6 есебімен жеңілді.

Айгүл ҚОЖАНТАЕВА

Зарина Дияс пен америкалық Серена Уильямс арасында өткен матч жарты сағатқа ғана созылған. Алғашқы сетте Серена 7:3, екінші сетте 6:3 есебімен ұтты. Енді әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс Miami open (АҚШ) турнирінің төртінші кезеңінде, әлемнің 15-ші ракеткасы, ресейлік Светлана Кузнецовамен кездеседі.
Серена Уильямс Светлана Кузнецова жайлы «Біз жақсы достармыз. Ертеңгі жарыста бар күшімізді саламыз. Төртінші айналымда кім жеңсе де, жақсы адам болмақ» дейді.
Зарина Диас осыған дейін Серена Уильямспен 2015 жылы Индиан-Уэлстегі жарыста (АҚШ) кездесіп, 2:6, 0:6 есебімен жеңілген еді. Бұл жарыста Дияс екі геймді ғана ұтқан болатын. Дияс Серена Уильямспен Майамиде өткізген ойында сегіз геймді ұта алды. Бұл — Зарина үшін жақсы көрсеткіш.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *