Қайрат Ералиев олимпиада лицензиясына қол жеткізді
Жартылай финалда жеңілген Қайрат Ералиев, бүгін Олимпиада лицензиясы үшін қосымша жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Филиппиндік Марио Фернандезбен болған жекпе-жекте – 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен Қайрат айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетсек, Қытайда өтіп жатқан Азия және Мұхит елдері арасындағы лицензиялық турнирде әр салмақта ерлер арасында – 3, әйелдер арасында -2 жолдама беріледі. Ерлер арасында жартылай финалда ұтылып, үшінші орын алған екі боксшы лицензия үшін қосымша кездесу өткізеді.