Қазақстандықтар Головкин — Уэйд жекпе-жегін көре алмай қалуы мүмкін

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің жекпе-жегінің трансляциясы қауіп алдында тұр, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Еске салайық, кездесу 2016 жылдың 26 сәуіріне белгіленген.

Спорт порталының мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір отандық телеарна бұл жекпе-жектің таратылымына қатысты келісімшарт жасаспаған. Ал Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін үзбей беріп жүрген «Қазақстан» телерадиокорпорациясы да, KazSport спорт арнасы да бұл жекпе-жекке қатысты пікір білдірмей отыр. Корпорация өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жектің трансляциясы жайлы мәліметтің жоқ екенін айтты.

Өзге телеарналардың өкілдері де бұл жекпе-жекке қатысты таратылым жайлы келісімнің жоқ екенін айтып отыр. Еске сала кетейік, Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегі 24 сәуірде (Қазақстан уақыты бойынша) Лос-Анджелесте өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *