Ақтауда бокстан «Батыс аймақтық» біріншілігі басталды

      Кеше Ақтау қаласының «Жас Қанат» спорт кешенінде бокстан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық біріншілігі басталды. Біріншілікке Маңғыстау, Атырау, Ақтобе және Батыс Қазақстан облысының 150 ден астам жас боксшылары қатысып жатыр. Жарыстың ашылуында Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Рушания Елизарова құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік теледі. Жарыстың ашылу салтанатына 2002 жылдың Азия ойындарының чемпионы Нұржан Кәрімжанов, кеше ғана 2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға жолдама алған, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және Қазақстан Республикасының кіші жасөспірімдер арасында аға бапкер Аркадий Топаев келіп, жарыстың мерейін өсіріп алды. Рушания Елизарова ханым Аркадий Топаевқа құрмет көрсетіп, ыйығына шапан жапты.                            IMG_8654

                  Аркадий Топаев, Қазақстан Республикасының кіші жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы:                                                                                                                                             «Өздеріңіз білесіздер, биыл қазақ боксының ірге тасын қалаушы, Маңғыстау облысының тумасы Шоқыр Бөлтекұлы атамыздың 100 жылдық мерей тойы болады, бәріміз ат салысып осы мерей тойды жоғарғы деңгейде атап өтуіміз керек. Маңғыстау облысының бокс мектебі, өзінің мықтылығымен, ерекшелігімен көзге түседі. Кезінде рингте Марат Джакиев, Асылбек Қилымов, Талғат Калимов және де басқа боксшылар мықтылығымен көзге түскен, одан кейін де Ердос Жаңабергенов, Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдрахманов секілді үлкен ағаларының ізбасарлы Маңғыстаудың боксын өрге сүйреп, үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Осы жарыста финалист болған боксшылар, мамыр айында Алматы қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алады, ал сол чемпионатта топ жарған спортшылар ұлттық құрамадан орын алып Әлем және азия чемпионаттарына қаысатын болады. Жас боксшыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін».

         Кеше ринг төріне Маңғыстаудың 14 боксшысы шығып, солардың ішінен 10 боксшымыз жарыстың келесі айналымына шықты. Ақтық айқастар сәуір айының 10-шы жұлдызында өтеді.

IMG_8646    IMG_8668              IMG_8658         IMG_8666

IMG_8675

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *