Ақтау қаласында үстел теннисінен облыс біріншілігі басталды

   Бүгін Ақтау қаласында үстел теннисінен ересектер мен қыздар арасында облыс біріншілігі басталды. Жарысқа ақтау қаласы мен облымысыздың аудандарынын сегіз команда қатысып жатыр. Осы біріншіліктің қортындысы бойынша, чемпион болған спортшылар сәуір айының 15-де Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Бүгін теннисшілер командалық жарыста өзара жарысып жатыр, ертен сәуірдің 10-да жекелей сында жарыстар өтеді.

     IMG_8687

        Сұңғат Мұңалбаев, Маңғыстау облыстық үстел теннис федерациясының президенті:

           «Маңғыстау облысында үстел теннисі кенже дамып қалған спорт қатарында екендігі сөзсіз. Дегенмен, 2015 жылдың басында маған үстел теннис федерациясының президенті болуға ұсыныс түсті, осы спорт саласында көптен бері еңбек етіп жүрген  Сұлтан, Вячеслав, Алишер секілді азаматтармен ақылдаса отырып, мен осы ұсынысты қабылдадым. Азғантай уақыт ішенде біздер біраз жарыстарды өткіздік, Жаңаөзен қаласында Республикалық жарыс, жастар эәне ардагер спортшылар арасында облыс біріншіліктерін, міне енді бүгін ересектер арасында жарыс өткізіп жатырмыз. 2016 жылдың басында үстел теннисінің календарлық жылдық жоспарын жасап, жұмыстарымызды жасап жатырмыз. КатКаз мекемесінің ғимараты жанынан үстел теннисінің залын аштық, керекті жабдықтармен қамтамасыз еттік, бұйртса келесі жылдың басына дейін өзіміздің арнайы залымызды саламыз деген ойымыз бар. Ең басты мақсат осы спорт түрін қалада және алыс жатқан ауылдарда кеңінен насихаттау және дамуына жағдай жасау, бәрі уақыт еншісінде, ең бастысы бірігіп жұмыс жасау қажет».

IMG_8685

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *