Бокстан «Батыс» аймақтық біріншілігінде Маңғыстаулық боксшылар 10 алтын медаль олжалады

    Кеше Ақату қаласының «Жас Қанат» спорт кешенінде бокстан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының «Батыс» аймақтық біріншілігі өз мәресіне жетті. Жарыстың қортындысы бойынша Маңғыстаудың жас былғары қолғап шеберлері 10 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орынды алды, қоржындарын 5 алтын медаль салған Батыс Қазақстан облысының боксшылар жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Жарыстың араный номинацияларында келесі спортшылар топ жарды, Үздік төреші — Абайхан Дінмұхаммед, Үздік жекпе-жек — Алданыш Айбол, Борисұлы Қозыбай, Жеңіске деген жігері үшін — Алданыш Айбол, жарыстың үздік боксшысы — Оңғарбаев Ержан. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом және естелік сыйлықтар табысталды.

          IMG_8714

     Мамыр айында алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының намысын келесі боксшылар қорғайды: 30 келі — Қалилаев Мейірбек, Жақсыбаев Шалқар, 32 келі — Ұлықпанов Айдос, 38 келі — Нұратдин Райымбек, 40 келі — Мұхташов Жаңабек, 48 келі — Исанов Жандос, 52 келі — Оңғарбаев Ержан, 54 келі — Борисұлы Қозыбай, 56 келі — Мақатұлы Нұртас, 58 келі — Абатов Данияр, Айтмұханбет Данияр, 60 келі — Мамыртаев Наурыз, 63 келі — Бекболұлы Жасұлан, Келеманов Арман, 66 келі — Ысықбаев Нұрқан, 70 келі — Набатов Азамат, +70 келі — Тілеужанов Бекнұр.

IMG_8711 IMG_8719

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *