Бейнеуде пауэрлифтингтен чемпиондар анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына орай Бейнеу ауданында пауэрлифтингтен ашық біріншіліқ аяқталды. Бұл жарыста спортшылар зілтемірді жатып көтеру, тұрып белге көтеру және отырып тұру жаттығулары бойынша күш сынасты. Жарысқа облысымыздың барлық аудандары мен Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан келген 100-ге жуық спортшы 7 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Жарыстың қортындысы бойынша келесі спортшылар топ жарды:

59 келі салмақта: 1 орын Махамбет Азамат (185 кг), 2 орын Асхат Реимов (180 кг), 66 келі салмақта: 1 орын Роллан Ережепов (297,5 кг), 2 орын Рахат Қыстаубай (275 кг), 3 орын Әбдукәрім Сақып (250 кг), 74 келі салмақта: 1 орын Нұрпейіс Тлевмағанбетов (290 кг), 2 орын Талғат Бөлекбаев (270 кг), 3 орын Молдаш Жұмаханов (255 кг), 83 келі салмақта: 1 орын Али Қази (350 кг), 2 орын Асылбек Тастайбеков (330 кг), 3 орын Болат Досов (310 кг), 93 келі салмақта: 1 орын Қайрат Үргешбаев (480 кг), 2 орын Жалғас Қалжанов (420 кг), 3 орын Ерден Әбіш (360 кг), 105 келі салмақ дәрежесі: 1 орын Сағатбек Жұбанов (400 кг), 2 орын Әділбек Сейітжапаров (350 кг), 3 орын Нұрлан Қалиманов (270 кг), 105+ келі салмақ дәрежесі: 1 орын Балта Төтенов (460 кг), 2 орын Тимур Жұбанов (395 кг), 3 орын Мақсат Жалғасбеков (380 кг).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *