Ақтауда үлкен теннистен қыздар арасында Қызыл доп турнирі өтті

Ақтау қаласының теннис орталығында 6-8 жас аралығындағы қыздар арасында Қызыл доп турнирі өз мәресіне жетті. Осы жарыста келесі спортшылар топ жарды: 1 орын Хамитова Сара, 2 орын Ярулина Даурия, 3 орын Мэлс Акнара, 4 орын Русланова Руслана. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктер мен медальдардан басқа естелік силықтар табысталды. Жарыстың басты мақсаты қаламызда үлкен теннисті кеңінен насихаттау, ұйымдастырушылардың айтуы бойыенша осындай жарыстар енді жие өтіп тұрады. Сонымен қатар кеше ғана Астана қаласының теннис орталығында Қызыл доп республикалық турнирі өтті, аталған жарысқа маңғыстаулық Мэлс Акнара мен Хамитова Сара қатысып топтық ойындардан 3 ші жəне 5 болып шығып, 1/8 финалда қарсыластарына жол беріп, ұтылып қалды. Жас теннисшілеріміз әлемге белгілі теннисші, парда екі дүркін үлкен шлем иегері және тағы басқа көптеген WTA сериясы турнирінің жеңімпазы  жерлесіміз Ярослава Шведовадан дәріс алып, өзінің кәсіби деңгейлерін шыңайтты. Қаламызда жаңадан дамып келе жатқан теннис спорт түрі үшін бұл үлкен жетістік.

теннис2

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *