Өскеменнен бес алтын

   Сәуір айының 14-17 аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 1998-1999 жылы туылған жастар мен қыздар арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 14 облыс және Алматы Астана қалаларынан 200-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыс тізгінін халықаралық дәрежедегі төреші павлодарлық Мұхитов Талат ұстады. Төрт күнге созылған жарыстың қортындысы бойынша маңғыстаулық кикбоксшылар 5 алтын және 2 күміс медальдар олжалады. 51 келі салмақ дәрежесінде фулл-контакт әдісі бойынша Ұлағатов Жантілек, 60 келі салмақ дәрежесінде фулл-контакт әдісә бойынша Селбай Өнербек, 81 келі салмақ дәрежесінде фулл-контакт әдісі бойынша барлық кездесуінде қарсыластарын нокаутқа жіберген Жайлаубаев Бекжан, 71 келі салмақ дәрежесінде К-1 әдісі бойынша Тілекбай Әділжан, 75 келі салмақ дәрежесінде К-1 әдісі бойынша Аширов Амир ел біріншілігінің чемпиондары атанса, Жұбатыров Бекболат пен Тенелов Дидар күміс медаль иеленді. Жалпы командалық есепте маңғыстаулық кикбоксшылар төртінші орынға табан тіреді. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары тамыз айында Ирландия астанасы Дублин қаласында жастар мен кадеттер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

rbr,jrc 1

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *