Кикбоксшыларға құрмет көрсетілді

Маңғыстау облыстық кикбоксинг федерациясының кеңсесінде, жуырда Өскенмен қаласында кикбоксингтен жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде чемпион және жүлдегер болған спортшыларды федерация президенті Айтқали Түлеумағанбетов пен федерацияның атқарушы директоры Асанов Нұрберік ақшалай силықпен марапаттап, өздерінің құттықтау тілектерін жеткізді. Марапатты ақтау қалалық спорт жуне дене шынықтыру басқармасының басшысы ҚАнат Жұмабаев жүргізді. Айта кетейік, Өскенменде маңғыстаулық кикбоксшылар 5 алтын және 2 күміс медаль олжалап жалпы командалық есепте 4 орынға табан тіреді. 51 келі салмақ дәрежесінде фулл-контакт әдісі бойынша Ұлағатов Жантілек, 60 келі салмақ дәрежесінде фулл-контакт әдісә бойынша Селбай Өнербек, 81 келі салмақ дәрежесінде фулл-контакт әдісі бойынша Жайлаубаев Бекжан, 71 келі салмақ дәрежесінде К-1 әдісі бойынша Тілекбай Әділжан, 75 келі салмақ дәрежесінде К-1 әдісі бойынша Аширов Амир осы жылдың тамыз айында Ирландияда өтетін әлем чемпионатында Маңғыстаудың атынан еліміздің намысын қорғайтын болады.

IMG_8737

Асанов Нұрберік, Маңғыстау облыстық кикбоксинг федерациясының атқарушы директоры:

«Соңғы жылдардағы қол жеткізген табыстарымызды сараптайтын болсақ – жақсы деген баға беруге болады. Бұған, әрине, тоқмейілсуге болмас. Кикбоксинг әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі, сондықтан үнемі спорттық бапта жүру керек. Ең бастыларын атап өтетін болсам, биыл алыс-жақын ауылдарда кикбоксингті дамыту бойынша жұмыстандық. Қызан, Жыңғылды, Таушық, Форт-Шевченко, Жаңаөзен секілді ауылдар мен қалаларда кикбоксинг секциялары жұмыстарын жасап жатыр, осы жылғы жетістіктердің көбі осы ауылдарда тәрбиеленіп шыққан спортшыларымыздың арқасы сол ауылдағы жас өрендерімізді өсіріп баптап жатқан бапкерлерге ризашылығым шексіз Сайынов Жұбатхан, Нұрберіков Бектас, Өтебаев Балтабек, Құдайбергенов Болатбек, Қалықбаев Ғалым және осы облысымызда, Ақтау қаласында кикбоксинг спорт түрі болып қалыптасқан кезден бастап бапкер болып жүрген Есенмұрат пен Төремұрат Селиков секілді бапкерлердің еңбектері үлкен. Федерациямыз үкіметтен бір тиында алмайды, дегенмен балдарға өсулеріне стимул болсын деп, осындай жарыстарда топ жарған спортшыларға премиясын беріп құрмет көрсетіп отырамыз, осының бәрі федерация басшысы Айтқали Түлеумағанбетов ағамыздың арқасы десем артық болмас. Жеңісіміз тағы да құтты болсын».

IMG_8730

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *