АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ-2016» ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

Мамыр айының бірінші жұлдызында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы — 2016» жарысына Маңғыстау облыстық іріктеу турнирі аяқталды. Республикалық жолдама сарапқа салынған турнирге жалпы саны облысымыздың әр ауданынан келген мықты деген 15 палуан қатысты, 14 спортшы өзара 7 жұп құрып, бақтарын сынады. Жарыстың ашылу салтанатына, қазақ куресінен мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт, Қазақ күресі дамыту қорының атқарушы директоры Жанарбек Атығаев, Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының құрметі президенті Иса Бимырзаев, Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Аббат Өрісбаев, ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов және тағы басқа қонақтар қатысып, құттықтау тілектерін халыққа жеткізді. 1 шағын аудан теннис орталығының алаңына жиналған көрермендер концерттік бағдарлама тамашалап, татамиге шығатын спортшылармен бірге ақсақалдың ақ батасын қабыл алды.

IMG_4875

Алғашқы өткен және ширек финалдар мен жартылый финалдарда келесі көрсеткіштер орнатылды:

1-кезең:

  1. Қалмұқанов Қайса (таза жеңіс) — Төлеиев
  2. Асылбек Мақсат — Шолтаев Бауыржан (жамбас);
  3.  Жарылғапов Нұрдәулет (таза жеңіс) — Бейілxан Мұрагер;
  4. Аменов Досан — Таңатов Жасұланбек (таза жеңіс);
  5. Төтенов Балтабек (таза жеңіс) — Чуxруидзе Георгий;
  6. Ержанов Күнәлем (жартылай жеңіс) — Айжарықов Ақылбек;
  7. Мұратов Жоламан (таза жеңіс) — Жолбек Бейсенбек.

IMG_5197

                   (жарысты тамашалауға келген көрермендер шұбат пен бауырсақтан дәм татты)

1/4 финал:
1. Шолтаев Бауыржан — Қалмұxанов Ғайса (таза жеңіс);
2. Жарылғапов Нұрдәулет (таза жеңіс) — Таңатов Жасұлан;
3. Төтенов Балтабек — Игілік Ербол (қоян-қолтық);
4. Ержанов Күнәлем (таза жеңіс) — Мұратов Жоламан.

IMG_5135

1/2 финал:
1. Қалмұқанов Ғайса — Жарылқапов Нұрдәулет (таза жеңіс);
2. Игілік Ербол (таза жеңіс) — Ержанов Күнәлем.

Үшінші орынға болған белдесуде, Маңғыстау ауданының палуаны Манарбек Бискеновтың шәкірті Ғайса Қалмұқанов тартысты өткен кездесуде ақтаулық  Ержанов Күнәлемді таза жеңіп қола белбеу иегері атанып, қоржынына 100 мың теңгесін салды. Ақтық бәсекеде өткен жылы Қазақстан Барысында облысымыздың намысын қорғаған Жарылқапов Нұрдаулет пен Игілің Ерболат белдесті. Белдесу тартысты өтті, қарсыласының аздап бәсеңсіп қалғанын байқаған Нұрдаулет әдіс жасап, қортындысында жартылай жеңіспен кездесуді өз пайдасына шешті. Нұрдаулет алтын белбеумен қоса 500 мың теңге және оның қарсыласы Игілік Ербол күміс белбеу мен 300 мың теңгені иеленді. Осылайша, Астанада өтетін «Қазақстан Барысы» турниріне осы жарыстың қос финалисі Жарылғапов Нұрдәулет пен Игілік Ербол Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады.

IMG_4916

Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының президенті:

«Қазақ күресінiң тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Күрес – ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Осындай жарыстар арқылы азаматтарамыз қазақ күресінің маңыз­дылығын түсініп, оның дамуына атсалысады деп ойлаймын жанеде қазақ күресіне деген жастардың қызығушы­лы­ғын арттырады. Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе. Жастардың спортпен айналысуына жағдай жасалса, жасөспірімдер арасында қылмыс азайып, темекі шегу сияқты жат қылықтарды жоюға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Тұңғыш рет осы іріктеу жарысын біз теңіздің жағалауында өткізуді ұйғардық. Өздеріңіз білесіздер Ақтауда көп халық сиятын спортзал бізде жоқ, сондықтан таза ауада, кең жерде осы халық көрсін деп біз теңіз жағалауында өткізіп жатырмыз. Қазақ халқы әрқашан төзімді болған. Қазір тәуелсіз елміз, бейбіт және келісімде өмір сүру үшін барлығын жасаған дана Президентіміз бар. Мемлекетімізді танымал етіп жасау үшін спортты дамытуымыз қажет, қазақ күресі Азия ойындары мен Спартакиада, Халықаралық олипиада ойындарының бағдарламасына енсе, мұны жасай алар еді деп есептейміз. Қазақ ұлттық күресі елдің бренді бола еді. Өткен жылы әлемнің 120 елінде көрсетілген «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өткізілді. Біздің мақсатымыз — елдің ішінде ұлттық күресті жаңа-деңгейге көтере отырып оны шетелде танымал ету. Нұрдаулет пен Игілікке алдағы өтетін Қазақстан барсында мен тек сәттілік тілеймін. Сонымен қатар осы жарысты жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысқан Маңғыстау облыстық әкімшілігі, облыстық спорт басқармасы, қазақ күресі федерациясының басшылығы және ұжымы, қалалық спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевқа, жарысқа демешілік көрсеткен Маңғыстау облыстық кик-тайбоксинг федерациясының басшысы Айтқали Түлеумағанбетовке, Шегендеу-Сервис, Айком ЛТД, ТехЦементСервис ЖШС мекемелерінің басшыларына және Форте Банк АҚ ризашылығым шексіз, ұлттық спортымыз қазақ күресін қолдап жатқанына, спортшылар мен бапкерлер атынан рахметімді айқым келіп отыр».

    Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *