Петропавл қаласында өткен бокстан Республикалық жарыста маңғыстаулық боксшылар топ жарды

Кеше Петропавл қаласында бокстан 2000-2001 ж.т., жасөспірімдер арасында А.Белокопытов, В.Чернышков, Г.Сутулов, А.Лебедев секілді бапкерлерді еске алу Республикалық турнирі аяқталды. Ринг төріне шыққан маңғыстаулық боксшылар жүлделі орын атанған боксшылар қатарынан көрінді. Атап айтатын болсақ,  44 келі салмақ дәрежесінде Орысбай Нұрбек пен 48 келі салмақ дәрежесінде  Кемаладинов Әділбек чемпион атанды, ал Бажиков Бекарыс пен Бахтыбаев Нұрбек күміс медаль жеңіп алса, Бажиков Бекарыс, Жаксыбаев Бекзат, Жапаров Орынбек, Аралов Балғынбек, Қойшыбай Бекзат, Ибраев Сабырбек және Есетов Нұржан қола медаль иегері атанды. Сондай-ақ жаңаөзендік Жарылғапов Лұқпан жарыстың үздік төрешесі атанды. Жарысқа спортшыларды Форт-Шевченко қаласының аға бапкері Камалов Асқар дайындап, алып барды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *