Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер…

9 мамыр, еліміз жеңіс күнінің 71 жылдығын тойлап жатқан сәтте, мұхиттың арғы жағында Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Флорида штатының Лейкленд қаласында өзінің кәсіпқой бокстағы 21-ші кездесуін өткізіп жатты. Атышулы айқастың куәсі болған біз бүгін сол жұдырықтар теке-тіресі жөнінде әңгіме өрбітпекпіз.

Жекпе-жекке әлі ораламыз, алдымен Лейкленд қаласынан алған әсерлерім жайлы, жекпе-жек алдындағы Америкадағы бокс мамандарының ой-пікірлерінешолу жасасақ.

city-of-lakeland

Лейкленд қаласы Флорида штатының ортылғында орналасқан, шағын қаланың ірге тасын 1875 Авраам Манн қалаған. Қазіргі таңда қалада 100 мыңнан астам адам тұрады екен, оның 60 пайызы тұрғылықты ақ нәсілді американдықтар, 20 пайызы афроамерикандықтар, 18 пайызы латиноамерикандықтар және қалғандары Гавай аралының тұрғындары. Лейкленд ағылшын тілінен аударғанда көлдер мекені деген мағынаны білдіреді, айтқанындай қалада шағын көлдер көп екен. Жылдың төрт мезгілінде де ауа-райы жылы, жанға жайлы болғандықтан ба аққулар бұл мекенді жиі қонақтайды.Сондықтан болар Лейкланд қаласының символы – аққу. Қалада ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Себебі халықтың басты табыс көзі – ауыл шаруашылығы. Ауа райының қолайлылығына байланысты бұл жер түрлі дәнді дақыл, цитрустарға бай. Лейкленд қаласы Майами қаласынан 5 сағаттық жерде орналасқан.

IMG_8785

Осындай шырайлы мекенде орын алған оқиғаға оралсақ па деймін. Бокс кеші Лейкленд Орталығы атты 10 мыңдық шағын аренада болды, осы кештің басты жекпе-жегі Қанат Ислам мен Хуан ДеАнхель арасында болатындығы туралы ақпаратты Кинг Промоушн компаниясы бір ай бұрын баспасөз ақпарат құралдарына таратты. Бұл жекпе-жектен басқа тағы 9 кездесу жоспарланған. Салмақ өлшеу рәсімі мамырдың 7-сі күні сағат кешкі 17:00-де өтті. Салмақ өлшеу рәсімінде Қанаттың көңілі көтеріңкі болды. Рәсім біткен соң мен бармын, сол қаланың журналистері бар, қасымызға келіп ойымен бөліскен Қанат былай деді: «Өздеріңіз көрдіңіздер салмағым 69,8 келіні көрсетті, бәрі ойдағыдай өтті. Көңіл күйім тамаша, жекпе-жекті тағатсыздана күтудемін. Қарсыласым мықты және тәжірибелі боксшы, жеңіл кездесу болмасы анық. Америкада бұл менің үшінші рет ринг төріне шығуым, Аллаға шүкір, бәрі өз жолымен келе жатыр.Ең басты мақсатым – халқыма, көрермендеріме қызықты бокс кешін сыйлау, халқымның сенімін ақтауға тырысамын. Тұңғыш рет «Қазақстан» ұлттықтелеарнасы осы кездесуді тікелей арнада көрсетпекші екен, осы хабарды естігенімде қатты қуандым, жауапкершілік жүгін сезініп тұрмын, барымды саламын. Орайлы сәтті пайдаланып ұлттық арна басшыларына алғысымды жеткізгім келеді.Әлеуметтік желіде «Қанаттың жекпе-жектерін неге көрсетпейді?» деген сияқты пікірлерді көп оқығанмын. Сабыр түбі –сары алтын деген ата бабамыз, кәсіпқой бокста жүргеніме үш жылдан сәл асты, бәрі біз қалағандай бола бермейді, тер төгіп, еңбек ету керек, Генадий Головкин бауырымда осындай қиындықтардан өтті, еңбек етті, енді, міне, жемісін көріп жатыр».

IMG_8787

                                                        Қанаттың қарсыласы Хуанда латын американдық журналистерге «Қарсыласым бүгін жеңіліс дәмін сезеді» деп көкірген ұрып ағынан жарылып жатты. Хуан деАнхель Ла Аменаза деген лақап атпен танымал колумбиялық 28 жасар боксшы, Осыған дейін ол шаршы алаңда 22 кездесу өткізген. Оның 18-де жеңіске жеткен, 17-ін нокаутпен аяқтаған. 3 жекпе-жегінде жеңіліс тапса, 1 кездесуі тең аяқталған.                                                                                                                                                                                 Осы жекпе-жек туралы белгілі бокс тақырыбында жазатын журналистер өз пікірлерін де айтып жатты. Boxing News журналының белгілі журналисті Халил Рахма Қанаттың бокстасу стилін Бейбіт Шүменовпен теңестірді. Ал, кезінде жоғарғы салмақта чемпион болған Антонио Тарвер, өте тәжірибелі, соққысы жойқын боксшы деп мақтап жатты. Premierboxingchampions.comспорт порталы Қанат әр жекпе-жек сайын өзінің тәжірибелігін шыңдап, жақын арада мега жұлдызға айналады деп болжам жасап, біздің боксшы туралы ауқымды жақсы материал дайындаған.

IMG_8812

            Бокс сағат 07.00-де басталды. Алдымен андекарттағы боксшылар шаршы алаңға шықты, басты жекпе-жек жақындағанда зал көрермендерге лық толды. Көрермендер арасынан көк туды желбіреткен қазақстандық жанкүйерлер де көріне бастады.Әне-міне дегенше, күннің басты оқиғасы, көптен күткен шаршы алаң айқасы басталды. Екі боксшы арасындағы кездесу сақтықпен басталды. Алғашқы үш раунд екі жақтың тең дәрежеде екенін көрсетті. Төртінші раундтан бастап Қанат белсенді қимылдай бастады. Алтыншы раундтажұдырық түйістірген қос боксшы өз шеберліктерінің шарықтау шегіне жетіп, шын жүйрікті анықтап берді. Қанаттың бүйректен ұрған жойқын соққысы кенет колумбиялықты шалқасынан түсірді. Одан ес жиып, енді ортаға келе бергенінде Хуан тағы бір жойқын соққының «дәмін татты». Бұл соққыданкейін Хуан есінжия алмай, абдырап қалды. Осыныбайқағантөрешібірденжекпе-жектітоқтатты. Сөйтіп Қанат өзінің кезекті жеңісінеқол жеткізіп, таң алдында теледидар алдына жиналған барша қазақстандықтарды бір қуантты. Жекпе-жек аяқтала салысымен Қанат жанкүйерлерге келіп, өз алғысын жеткізіп үлгерместен, қазақ батырын қолдауға келген халқының құшағына батты.

IMG_8886 IMG_8846 IMG_8879

                                  Ертесіне еліміздің БАҚ беттерінде«Қанат Ислам Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға әзер» деген тәрізді мақалалар қаулап кетті. Мұхиттың ар жағында жүріп қазақтың мерейін асырған қос боксшы арасына іріткі салу, оларды біріне-бірі қарсы қою кімге тиімді екенін түсінбей, таңқалған біз осы жөнінде Қанаттың пікірін білуге асықтық: «Мен Генаны досым ретінде, чемпион ретінде, ағам ретінде қатты сыйлаймын. «Жүйрікте де жүйрік бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек» демекші Гена нағыз азамат, қазіргі заманымыздың батыры десем де артық айтпаспын. Ол екеумізді жұдырықтастырғысы келетіндерді мен түсінбеймін. Өкінішке қарай, қазір көп адам жеке бастың мүддесін ойлайды. Біз ұлттық деңгейде ойлансақ қана өзгеге мазақ болмаймыз. Біз үшін екі қазақтың шетелде жүріп бір-бірімен жұдырықтасқаны қажет пе? Әлде, екеуінің екі жақтан жеңіс тұғырынан көрініп, қазақ атымызды асқақтатқаны қажет пе? Бізге қайсысы қызық? Қайсысы маңызды? Алдымен өзімізге осы сұрақты қойып көрейікші. Ой таразысына салайықшы.Қытайда ережесіз жекпе-жекте бір-біріне қол көтермеген қос қазақ туралы естіп-білген шығарсыздар. Гена екеуміз де сол жігіттер сияқтымыз. Головкин он жеті миллион қазақстандықтардың алдында “Мен — қазақпын!” дегенін естідіңіздер. Демек ол да қазақ, менің бауырым. Қазақта екі бауырдың бір-біріне қол көтеріп, жұдырық жұмсағанын кім көрді? Өзге елде жүріп бауырлас адамның бір-біріне қарсы шыққаны бізге сын. Адами тұрғыда да, ұлттық сана тұрғысында да ерсі. Ата-бабамыз: “Жақсы сөз жарым ырыс” дейді. Жақсы сөз ол – бата. Бата ол – дұға. Азаматтықтың ең биік деңгейі – сын сағатта қол ұшын созып, жәрдем беру. Оғаншамакелмесежақсысөзайтып, демеу болу. Ал, оған да шамакелмесе — үндемеу. Ал, азаматтықтың ең төмен деңгейі ол– жақсы сөзді қимау, көре алмау деп білемін. Алла бізді осыдан сақтасын. Қазақтар бір-бірін көтермелесе ғана, өзгелердің ұлтымызға деген құрметі оянады. Гена екеуміздің жұдырықтасқанымыздан біз ештеңе ұтпаймыз. Керісінше ұлт ретінде ұтыламыз. Ұлттық деңгейде ойлапқарасаңыз, әлем алдында масқара боламыз. Спорттың аты – спорт, мұнда тұрған не бар дейтіндер де табылар. Алайда мен спортшыдан бұрын — қазақпын. Маған спорттағы жетістік емес, маған қазақтың әлем алдындағы абыройы мен беделі қымбат. Гена көк туды көтеріп жүрген біздің марқасқамыз. Туымыз жығылмасын деп Генаның артында тұрсам да – мен үшін үлкен абырой. Көп інілерім маған: “Аға, сіз сияқты болғымыз келеді” — дейді. Мен оларға: “Мен сияқты болмаңдар. Менен де мықты болыңдар” — деймін. Бізден де мықтылар шықса біз ұтылмаймыз, керісінше біз ұтамыз. Әлемді мойындатамыз. Тарихта батыр бабаларымыз жастарға білгенін үйретіп, өздерінен де мықты қылып тәрбиелеген. Мен де сол бабаларымыз сияқты, жүрегінде оты бар жастарды қасыма алып, өзімнен де мықты қылып тәрбиелегім келеді».

IMG_8900

Осылайша рейтинг қуалаған сарыжағал ақпарат құралдарының сөзін жоққа шығарды Қанат батыр. Біз де елдің көңілін күпті еткен жайттың ақ-қарасын анықтап беруді жөн көрдік.Болар елдің баласы бірін-бірі батырым дейді… Бір-бірінің жеңісіне қуана білген қос батырымызды ұлықтап, мақтан тұтқанға не жетсін.

13254271_634070310076800_2948138113799540130_n

Кеше Қанат Ислам өзінің туған жері Алматыға оралды, әуежайға жиналған 200-ден астам жанкүйер хас батырын ән-шашумен күтіп алды. Қанатқа көрсетілетін құрметтің бастамасы бұл… Себебі Қанаттың алар асуы, бағындырар биіктері әлі алда екеніне сеніміміз кәміл. Жеңісті күндеріміз көп болғай!

            Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *