Сұңғат Жұбатқан Орал қаласында өткен дзюдодан халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

Кеше Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер арасында 7-ші халықаралық турнир аяқталды. урнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, Армения, Қырғызстаннан, Өзбекстан 16 команда құрамында 200-ге жуық дзюдошы қатысуда. Ерлер 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі салмақта, әйелдер 48, 52, 57, 63, 70, 78 және +78 салмақта сынға түсті. Осы жарыста татами төріне шыққан маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта қоржынымзға күміс медаль салды, ақтық айқаста ол тартысты өткен белдесуде қызылордалық балуанға жол беріп қойды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *