Нұрлан Сабиров пен Айболды Дәуренұлы Шымкентте бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды

    Маусым айының 18-19 аралығында Шымкент қаласында 1998-1999 ж.т бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Биыл 7-ші рет өткізіліп отырған чемпионатқа еліміздің барлық облысынан180-нен аса спортшы қатысты. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаң төріне шықты. Аталған жарыста Маңғыстау облысының боксшылары өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыстың қортындысы бойынша өлкеміздің былғары қолғап шеберлері екі алтын, бір күміс және 2 қола медальдарды олжалады. Мұнайлы ауданы бокс мектебінің түлегі, Ермаков Асқардың шәкірті,  Нұрлан Сабиров 81 келі салмақ дәрежесінде 3 кездесу өткізіп, екі кездесуін таза жеңіп және ақтық айқаста Алматы қаласының боксшысы Алкеновты техникалық нокаутпен жеңіп ел біріншілігінің чемпионы атанды. Сонымен қатар, аса ауыр салмақ дәрежесінде Ақтау қаласы бокс мектебінің түлегі, Марат Джакиевтің шәкірті Айболды Дәуренұлы 3 кезедсу өткізіп, барлық кездесуде қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, қоржынымызға 2 алтын медальді салды. Сондай-ақ, 91 келі салмақ дәрежесінде Қарақия ауданы Жетібай кенті бокс мектебінің түлегі,  Тоғжанов Асхат пен Джамаладинов Талғаттың шәкірті Нүртілек Садақбай күміс медаль, Махмұд аль-Мұхаммед 56 келі салмақ дәрежесінде (Ақтау қаласы, бапкері Руслан Бибуев), Сұлтан Шаршов (Ақтау қаласы, бапкері Руслан Бибуев) қола медаль иеленді. Жалпы командалық есепте Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан боксшыларын алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады.

Дмитрий Середов, Маңғыстау облысының жастар құрама командасының аға бапкері:

«Ел біріншілігі жоғарғы деңгейде өтті, жарысты тамашалуға Қазақстан Республикасының бокстан аға бапкері Мырзағали Айтжанов тамашалады. Осы чемпионатқа тынбай дайындалдық, үлкен еңбегіміздің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіздік, боксшылармыз барын салды, ел біріншілігі болғасын мұнда әлсіз қарсылас жоқ, барлығы дерлік боксшылар чемпионатта топ жарып, ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғағысы келетіні баршаға мәлім. Барша маңғыстаулықтарды жеңіспен құттықтаймын, ол ортақ жеңіс,  және Маңғыстау облыстық бокс федерациясы мен Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына бапкерлер мен спортшылар атынан алғысымды білдіремін».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *