«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің басталуына 7 күн қалды

Құрметті қазақ күресінің жанкүйерлері!

2016 жылдың 3 шілдесінде, сағат 12:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Маңғыстау облысының намысын ақтаулық Нұрдәлет Жарылғапов пен Ербол Игілік қорғайтын болады. Қос балуанымыз мамыр айында Ақтау қаласында өткен іріктеу жарыста топ жарып,  еліміздің қазақ күресі бойынша ең басты жарысының жолдамасына ие болды.

c47388beb502ba93eb11dabc01fb01a8

Нұрдәулет Жарылғапов

Лақап аты: Қара Бура

Туған күні: 02.04.1996 ж.

Салмағы: 125 келі

Бойы: 185 см

Спорттық дәрежесі: Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер

Бапкері: Қайрат Бурбасов

c01079b5477c0bbdfc5cd15d8bb7405e

Ербол Игілік

Лақап аты: Қосай

Туған күні: 25.08.1990 ж.

Салмағы: 100 келі

Бойы: 180 см

Спорттық дәрежесі: Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер

Бапкері: Өтебай Битиков

Аббат Өрсісбаев, Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерацисының президенті:

«Қазақ күресінің мәртебесін арттырған жобаның ауқымы жыл санап кеңейе түсуде. Әр жарыс сайын қатысушылар саны көбейіп, финалға берілетін жолдама үшін талас та тартысты өтуде. «Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған Нұрдаулет пен Ербол  – нағыз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар. 1 аптадай уақыт қалды турнирдің басталуына, жалпы балуандардың дайындығы жақсы, жіңісті қолдан бермейміз. Жарысқа келіңіздер, бәріміз ат салысып қос барысымызға қолдау көрсетейік жерлестер!»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *