Жұлдызы жарық Берік Әбдрахманов

   Боксшылар бәсекесі десе тайлы-таяғы қалмай жиналатын жанкүйерлер қауымы, Астана қаласындағы Дәулет спорт кешеніне лық толған. Осында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекелері күні, көрермендер қатары бұрынғыдан бетер көбейген. Трибуналардың әр тұстарынан өз «батырларын» қолдап, айқаға басқан дауыстан құлақ тунады.

Міне, рингке 60 килограмм салмақ дережесіне дейінгі боксшылар маңғыстаулық Берік Әбдрахманов пен тараздық Ғани Жайлауов шақырылды. Тараздық жігіт бокс әуәсқойларына біраздаң бері таныс№ Сонғы жылдары тұрақты турде халақаралық аренада еліміздің намысын қорғап жүрген жігіт. 2009 жылғы Азия чемпионаттының қола жүлдегері, 2011 жылғы әлем чемпионы деген, қол жеткізген дәрежелері де бар.

Боксшылар ринге көтерілгеннен-ақ аумағы ат шаптырым кешен түнгі «Маңғыстау», «Маңғыстау» деген дауыстардаан желпініп тұрды. Қызыл бұрыштағы Берік жанкүйерлер айтағының жетегіне ермей, жекпе-жекті үлкен сақтықпен, абайлап бастады. Өйтпегенде ше? Қарсыласы анау – мынау емес, әлем чемпионы. Сондықтан әр қимыл- әрекетті, салқынқындылықпен жүзеге асырғын жөн.

Жайлауов болса «женіс ешқайда қашпас» дегендей, бірден тарпа бас салған жоқ. Дегенмен сырт қараған көзге қимылдарында еркіндік, өзіне деген сенімділік байкалады. Ол алғашқы үш минөттіктің соңыны таман, раунд таразысын өзіне аудару мақсатында еркінси бастады. Қарсы шабуылдың ұрамтал сәті күтіп жүрген Беріктің күткені де осы еді№ Ақыры бірінші раунд аяқталуға санаулы секундар қалғанда, жайлауов рингтің ортасында топ ете түсті. Бүл манғыстаулық жігітін сол қолымен қарсыласының жағынан жапыра ұрған соққысының нәтиже еді. Нокдаун. Төреші Ғанидің көз алдына саусақтары шошайтып бәр, екі, үш…. деп санай бастады. Ғани маған не болды «сұмдық-ай» дегендей жан-жығына қарап жаутаң қақты.

Осы шайқас басталар тұста аңсын- аңдап жүрген маңғыстаулық жігіт, жекпе-жек тізгінін қолына алған. Еркін   шабуылдап, көсіліп-ақ жүр. Ғани болса бірінші раундтың соңында алған ауыр соққының бойына тараған «уынан» оңала алар емес. Шабуылдары мардымсыз, қорғанысы да сыр беруде. Сөйтіп әлем чемпионы тәзе бүкті. Ал Берік Әбдрахманов алтынна алқа тақты.

Сәл шегініс. Берік бірден боксқа келген жоқ-ты.Ол ең әуелі еркін күреске, оан соң таэквондоға барды. Бүл екі спорт түрінен де елемізде әлемге танылып, жаркырап жүргенде жоқ екені баршаға аян. «Қарағайға қарап ал өсер, құрбысына қарап бала өсер» демекші, бұл спорт түрлерін қанша ұнатқанымен, жастар елтитіндей тұлғалар болмады. Оған керісінше Қазақстан боксшыларының даңқы асқақтап, күн сайын бір жан жадыратарлық жаналықтардың болып жатқаны. Елімізде олимпиада чемпионы дейсің бе, әлем чемпионы дейсің бе, бәрі де бар.

Сөйтіп Беріктің қөнілі боқса қарай ойса бастады. Оның үстінде ағасы Әлсейіт інісіңің де. Өзі сияқты бокпен айналысқаның қалайтының талайдан бері айтып жүрген-ді. Ақыры ағасы Берікті қолынан жетектеп, бок залына апарды. Берік ол кезде 14 жаста болатын.

Қазақстан боксы әлемәндегі болашақ жұлдызы, жұдырықтасу әліппесін Ақтөбе қаласында Руслан Оралбеков деген бапкерден үйреніп, талай турнирлерде озып мамандар көзіне іліккен-ді. Талабы таудай боздақтың шеберлегі, ұштаңқырауды керек етіп тұрғанын байқаған Марат Джакиев, оны Ақтауға шақырған болатын. Табыс көп күттірген жоқ. Қазақстан чемпионы атанып, алға қойылған талап пен көздеген мақсат биігінен көрінді. Спортшыға басында айталған уәде бойынша, үш бөлмелі жайлы пәтер берәлді. Басқа да жағдайлар жасалды. Осында қамқорлыты сезінге Берік те аянып қалған жоқ. Күн сайын ашы терін шелектеп төгіп, жаңа биіктерді бағандыруға жан-тәнімен кірісті.

2013 жылы Азия құрлығының чемпионаты Иордания королдігінің астанасы Амман қаласында өткен еді. Шілденің шіліңгір ыстығынан көшеге шығу мумкін емес. Көлеңкедегі термометрдің сынап бағанасы 47 градустан аумай тұр. Бірақ табиғаттың бұл «сыйының» Маңғыстаудың ыстығына күйіп, кәрі Каспиге шомылып, кұмына қақталған Берікке сары масаның шаққанындай әсері болған жоқ. Ұйкысын алаңсыз қандырып, киналмастан емін-еркен жаттықты.

Алғашқы қарсылас Лондон олимпиадасы рингінің ыстық- суығын сезінген қытайлық тәжірибелі тарлан Лиу Сянь болды. Ол бейбақ бірден барын салып бақты. Бірақ Берік мінезді жігіттің бұл әрекетінен қынған жоқ. Маңғыстаулық боксшының жұдырығы тиген сайын, аспан асты елінен келген спортшының жағдайы ауырлай түсті. Әбден қалжырап шаршағап шаршағандықтан Берікті сағынан адамындай қайта-қайта құшақтап, жерлесіміздің адуынды шабуылынан бас сауғалауға көшті. Бұл жекпен- жек нәтижесінде жерлесіміздің мерейі үстем болды. Мұнан соң тағы екі боксшының сағын сындырған Берік финалға шықты.

Алтын жүлде үшін болған бәсекеде Берік тайландтық Сайлом Ардеемен қолғап түйістірді. Ол біресе ана жағынан шығап, орағатып жүретін көбелекше қалықтайтын боксшы екен. Қолы өте шапшаң. Анда- санда денеге жанай тигізсе де, мазалауын қояр емес. Енді оны сабасына келтіру үшін бірауық ауыр соққылармен төмпештеп алмаса, қомпаңдап едәуір еліріп кеткен. Дер кезінде шабуылға шыққан Берік сол қолымен шықшыттан, құлақ шекеден бес- алты рет ұрғанда, жанағы сынаптай сырғыған тайлықтың қимылдары, біреу тас арқалытып қойғандай баяулады. Ардее жаңағы басты ерекшелігінен ажыраған соң, тордағы торғадай жуасыды. Қорғаныс шебі де жиі- жиі сыр берді. Енді жерлесіміздің жеңетініне, ешкімнің күмәні болған жоқ. Төрешілір алқасы болса, бірауыздан БерікӘбдрахманов алтын жүлдеге лайық деген шешім шығарды.

60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Азия құрлығының чемпионы атану деген үлкен құрмет. Себебі сары құрлыұта мықтылар өте көп. Сондықтанда оны сақтап тұру онай емес. Бұл салмақта чемпион атанғандар қай құрлықтың өкілдерімен болған бәсекелде де, қандай деңгейдегі жарыстарда да құрмет тұғырынан түсіп көрген емес. Демек, азиялықтар үшін ең сүйікті салмақтардың бірі болып есетеледі.

Ендігі басты бәсеке Алматы қаласында өтетін әлем чемпионаты. Бұл ең тұлғалы бәсекелердің бірі. Әрі ол өз жанқүйерлеріннің көз алдында өтеді. Үміті мен сенімін арқалап, жандарын шүберекке түйіп келіп отырған тілеулестеріңнің көңілінен шығып, оларға куаныш сыйлау үлкен мәртебе. Өз еліңдегі жарыстың жүгінің ауыр екендігін, бапкері Марат Джакиев те дода басталмас бұрын шәкіртінің құлағына мықтап кұйған болатын. Бірақ бақ шаба ма, бап шаба ма демекші, бәрі ойдағындай болмай шықты. Алғашқы үш жекпе- жекті ұтқанымен, жартылай фаналда әлем чемпионы кубалық Лазарио Эстрададан сүрініп, қола жүлденә місе тұтты.

   «Шын ер – жеңсе тасымас, женілсе жасымас» демекші, Берік бапкері Марат Джакиев екеуі тың биіктерді бағындаруға бел буды. Сөйтіп «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» үшін болатын халықаралық бәсекеге тыңғылықты түрде даярланды. Сөйтіп Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен дода барысында алғашқы қарсыластарын көп қиналмай женді. Ал жартылай финалда талайдан бері жарыстардан жұлдесіз кетпей жүрген, турнирдегі басты қарсыластарының бірі өзбекстандық қайсар жігіт Елнұр Әбдірәйімовты да тізе бүктірді. Екінші жытылай финалды филиппиндік боксшының мерейі үстем болды.

Сойтіп финалда Чарли Суарез бен Берік Әбдрахманов рингке көтерілді. Жерлемісіз алғашқы минөтте онша алғырлық танытпағанымен, бара-бара бауырын жазған тұлпардай арқасы қызған соң, жұдырықтарын еркін көсілтті.

Чали анда-санда тиіп қашып нұқығаны болмаса, Беріктің қорғанысының осал тұсын тауып, дәл соққы дарыта алған жоқ. Жерлесіміз болса манағы алған қарқыныннан бәсеңдер емес. Оңды солды төпеп жүр. Әбдрахманов шешуші жекпен-жегін осылайша ұтып, Президент Кубогін иемденді.

   Қай спортшының да ең басты арманы, төрт жыл сайын өтетін олимпиялық ойындарға қатысу межесі. Ал оған барлаған кейінгі мақсат- кұрмет тұғырына көтерілу. Сол әуелгі арманды орындаудың өзі оңай емес екені белгілі. Талайлардың дүбірлі додағы қатысушы ретінде, олимпиада алауы жанынан өте алмастан, спортпен қош айтысқанына дүйім жұрт куә.

2015- қой жылы Астана қаласында АРВ (AIBA Pro Boxinq)Рио- де- Жанейрода өтетін жазғы олимпиялық ойындаррға қатысуға берілетін лицензиялық турнир өткізген еді. Ол жарысқа 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең мықты үміткерлер қатысты. Жерлесіміз осы таңдаулылармен үш жекпе-жек өткізген болатын. Оың алғашқысында ирландиялық Дэвид Джойспен шайқасты. Ол қолы ұзын алыстан ұрып, ұпай жинауға тырысатын сабаз екен. Дәл тигізге ұрған жерін опырып жіберетіндей жұдырығы да куатты. Біздің жампоздың да соққысы осал емес. Талайды мұрттай ұшырып, кескен теректей сұлатқанына көпшілік куә. Ирландиялық жігіт екі бүйірден ұруды және тура соққылар жасауды ұнатады екен. Беріктің көбіне бастан, және де бауырдан ұруға бейім екенін білеміз. Екінші раундтың орта тұсында жерлесіміздің сілтеген соққысынан Джойс бүк түсті. Бұл нокдаун бүкіл жекпен- жек барасына күрт өзгеріс әкелді. Берік жеңістің аулына біртабан жақындай түсті. Тек абайсызда жарақат алып қалмаса болғаны.

Берік келесі жекпен-жектерінде де бабаның нағыз шаңында екендігін байқатты. Әуелі 2014 жылғы Азия ойандарының күміс жүлдегері филиппиндік Ч. Суарезді, онан соң 2013 жылғы әлем чемпионаттың күміс жүлдегері бразилиялық Робсон Консейсаоны ұтты. Сөйтіп маңғыстаулық Берік Әбдрахманов АРВ (AIBA Pro Boxinq) жүйесі бойынша әлем чемпионы атанумен қатар, 2016 жылы өтетін олимпиялық айындарға қатысуға құқық беретін лицензияны да иемденді.

Осындай қуанышты сәттен соң қазіргі таңдағы қазақ боксының ардагері, әрі білікті маманы, халықаралық дәрежедегі арбитр(AIBA) Серік Әбденәлиевтен ақтаулық жігіттің табысты қадамы мен бокстағы болашағы жайлы пікірін сұрағанымызда:

-Беріктің рингтегі қимылдарын өздеріміздер ғой. Жекпе-жектерінің қайқайсысы да оңай болған жоқ. Кіл мықтылар. Ол өте батыл, әрі намысқой. Бұлардың екеуі де боксшыға аса керек қасиет. Өз басым Берікке ризамын. Қазақта «Ер намыстың құлы» деген мақал бар ғой. Оның әсіресе өліспей беріпейтін бразиялық боксшыны ұтуы, намысқойлығының, мықтылығының, қайсарлығының дәлелі. Әбдірахмановта тәп-тәуір техника мен қысылтаяң кездерде көздеген мақсатқа жеткізетін ауыр соққы да бар. Шешуші сәтте өліспей беріспейтін қарсыласты тәубасына келтіретін соққы да қажет. Қазіргі кезде кейбір жекпен-жектерде тек техниқалық шеберлікпен табысқа жету мүмкін емес. Ал Беріктің қалыптасқан ауыр соққылары, кейбір табыстарының кепілі. Жалпы алғанда маңғыстаулық бокс мектебінде, әуелден ауыр соққына дамыту жақсы қалыптасқан. Тіпті дәстүрге айналған десем артық болмас. Өткен ғасырда бүкіл әдемдң дүрліктірген Асылбек Қилымов, оған Ердос Жаңабергеновті қосыңыз. Беректің бапкері Марат Джакиевтің де соққылары тайлады есеңгіреткенін көрдік. Олимпиадаға дейін әлі біраз уақыт бар. Сол мерзімді тиімді пайдаланып, дұрыс бағытта жаттықса, бұл боксшының Пеленің отанынан медалмен оралуға мүмкіндігі мол, — деген еді.

   Ал біздің осы айтылғандарға алып қосарымыз жоқ.

   Берікке, тек Ақжол!

         Жүсіп Хисымов

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *