Әділбек Ниязымбетов жайлы біз біле бермейтін 10 дерек

   Рио Олимпиадасының басталуына 25 күн қалды. Олимпиада ойындарында бірінші кезекте қазақ боксшыларынан медаль күтетініміз жасырын емес жайт. Сол медальдан басты үмітті боксшыларымыздың бірі — маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов! Лондон Олимпиадасының шаршы алаңында қоржынымызға күміс сыйлаған Әділбегіміз биыл Риода алтын медальдан басты үміткерлердің қатарында екені даусыз. Aktausport.kz ақпараттық-спорт порталы сіздердің назарларыңыға Әділбек Ниязымбетов жайлы біз біле бермейтін 10 дерек ұсынып отыр

1. Ағасы Батырбек екеуі бала кезінен футбол ойнаушы еді.  Кейін ағасы бокс мектебіне барды. Ол сол жерде жаттығып, қолғап түйістіруді үйреніп жүре берді.  Біраз уақыт өткеннен кейін әкесі Сәбит Әділбекті де бокс үйірмесіне берді.  Бокс мектебінің табалдырығын аттағанда Әділбек 12 жаста болған.

9999999

2. Бокстағы тұңғыш алтын медальін Әділбек 12 жасында Өзбекстан Республикасы Джизак деген қаласында өткен бокстан қалалық турнирде жеңіп, чемпион атанды.

444444444

3. 2008 жылы Тараз қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Әділбек 69 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион болды. Ол кезде Әділбек бар болғаны 18 жаста болатын. Ал, келесі жылы 2009 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жетістігін қайталап, екі дүркін ел чемпионы атанып, осы салмақта ел біріншілігінде екі рет қатарынан топ жарған ең жас боксшысы болып, бокс тарихына өз атын алтын әріппен жазған тұңғыш боксшы.

4. Әділбек Маңғыстау облысы спортының біраз рекордтарын жаңартқан спортшы. Атап өтетін болсақ, ол Олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш маңғыстаулық боксшы, 2012 жылы Лондон Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген Маңғыстаудың алғашқы спортшысы. Сонымен қатар екі рет қатарынан Олимпиада ойындарына қатысайын деп отырған өлкеміздің бірінші спортшысы.

8888888

5. Әділбек бокстан кейінге сүйікті спорт түрі, ол әрине футбол. 2014 жылдан бері Әділбек Маңғыстау облысы шағын-футболдан облыс біріншілігінің 3 лигасында «Дарабоз» ФК сапында ойнап жүр. Осы жылдың қортындысы бойынша, қарсылас командалардың қақпасына 20-даг астам гол салған Әділбек, үздік сұр-мергендер қатарынан көрінді. Екі жылда Әділбек 3 лигада 45 астам гол салды.

For Aktau SPORT

6. Әділбектің сүйкті футбол клубы, ол Реал (Мадрид), жастайынан осы клубқа жанкүйер. Криштиану Роналдуны әлемнің ең үздік ойыншысы деп санайды.

реал24

7. Қазақ боксшыларының жеңіске жетуіне бірінші Алла, екінші қазы күш берді», дейді Әділбек. Қазыны Лондонға жеткізу оңай болмады, киімдердің арасына мықтап орап багаж қоймасына тапсырылған сумкада сақталған қазы Лондонға аман-есен жетіп боксшыларға күш қуат берді.

maxresdefault

8. 81 келі салмақ дәрежесіне Әділбек 2011 жылы ауысты, ақпан айында Алматыда өткен бокстан Қазақстан чемпионатында ол 1/4 финалда Асхат Жақыпбековке 1:3 есебімен ұтылып қалған болатын. Осы жеңілістен кейін Әділбектің жеке бапкері Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер Марат Джакиев Әділбекті 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне кетуін құп көрді. 2011 жылдың наурыз айынан бастап Әділбек 81 келі салмақта бокстаса бастады. Сәуір айында Атырау қаласында өткен қазақ батырлары Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлының жүлдесіне арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанса, мамыр айында Алматы қаласында болып өткен Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін болған халықарық турнирде ол Азамат Белгібаевты, Марат Қиясовты және финалда Антон Пинчукті ұтып жеңімпаз атанып еліміздің ұлттық құрама сапына кірді. Содан бері 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама команданың бірінші нөмерлі боксшысы.

9. 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Әділбек 81 келі салмақта чемпион атанды, бұған дейін бұл салмақта Қазақстан боксшылары алтын алып көрмеген екен, Әділбек Қазақстан боксының тарихына 81 келі салмақта Азия ойындарында тұңғыш чемпион болған боксшысы ретінді кірді.

1412336140_5

10. 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының ашулу салтанатында Қазақстанның туын Әділбек ұстап шықты. Азия ойындарында туды ұтсап шыққан Әділбек тұңғыш Маңғыстаулық спортшы, Әділбекке дейін Маңғыстау ғана емес жалпы еліміздің Батыс аймағында бірден-бір спортшы мұндай мәртебеге ие болмаған.

2155-6-pervyi_sredi_ravnyh_ru

              Асқар Ағатаев

Әділбек Ниязымбетов жайлы біз біле бермейтін 10 дерек: 1 комментарий

  • 11.07.2016 в 20:57
    Permalink

    Жарайсың Бауырым тек алға.! 👍
    Бір Алла өзі жар болсын. Тек Манғыстау емес Бүкіл еліміздін Қазақстанның атын шығара бер, Көк туымызды желбірете бер 👍☝

    Жауап беру

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *