Әділбек Ниязымбетов: «Бүгін жеңіске жету үшін барымды саламын!

     Бүгін Риода өтіп жатқан 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ринг төріне 81 келі салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов шығады, оның қарсыласы белорус боксшысы Михаил Долголевец. Бүгін біз Әділбекпен телефон арқылы xабарласып, шағын сұxбат алып, сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

-Әділбек бүгін сен Рио Олимпиадасында өзінің жарыс жолын бастайын деп отырсын, көңіл күйің қалай? Дайындық ойдағыдай жүріп жатыр ма?

— Әр спортшы үшін Олимпиада ойындарына қатысу үлкен арман, Олимпиада ойындарына мен екінші рет қатысып отырмын, бақытты спортшымын десем артық болмас. Дайындығым жақсы, күн, түн демей тынбай дайындалдым, Риоға сәл ертерек келіп, осы елдің ауа-райына, часовой пояс дейді ғой соған биімделдік.

— Бүгін шығатын қарсыласыңмен бұрын кездестің бе?

— Миxаилмен бұған дейін кездесіп көрмеппін, өте мықты боксшы, бірінші айналымда ол тәжірибелі Италия боксшысын жеңіп кетті, сол жекпе-жекті бапкерлермін көрдім, керекті сараптамамызды жасадық, бұйртса бүгін жеңіске жету үшін барымды салып, жанкүйерлердің сенімін ақтаймын.

     Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *