Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда

    Таңның атысымен Рио Олимпиадасының ринг төрінен жақсы хабар жетті жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов Әзірбайжан тарланы, 81 келі салмақ дәрежесінде елінің бірінші боксшысы Теймур Мамадовты төрешілердің бір ауыз шешімімен 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есбеімен жеңіп жарыстын жартылай финалына жолдама алды. Әділбектің келесі қарсыласы, британдық Джошуа Буатси, ол ширек финалда алжирлік Абдельхафид Бенчабаланы 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Жалпы, Теймурмен өткізген жекпе-жегінде Әділбек өте сауатты тактика ұстана білді, қарсыласының бойының ұзындығына қарамастан Әділбек қарыцмта шабуылдарда қарсыласын жақсы ұстады, Теймурдың көп соққылары далаға кетіп жатты, соңғы шешуші үшінші раунд толықтай Әділбектің пайдасына шешілді.

Әділбек Ниязымбетов: «Жартылай финалға кілең мықтылар шықты деп ойлаймын. Бапкерлер айтқан әдістерді қолданып, жеңіске жеттім. Бірінші раундтан шабуылға шыққанымның себебі — қарсыласымның бойы ұзын болғандықтан солай жасау керек болды. Екінші раундтағы шабуылын байқап, аяқпен жұмыс жасадым. Жартылай финалға кілең мықтылар шықты деп ойлаймын. Келесі қарсыласым – Ұлыбритания боксшысы. Джошуа Буатсимен Ирландияда өткен оқу-жаттығу жиынанда спарингке шыққанбыз. Енді мұнда жарыстың аты — жарыс. Босаңсуға болмайды. Олимпиадаға екінші рет қатысып, жүлдегер атану мен үшін үлкен бақыт. Бірақ қалағаным қола емес»

      Асқар Ағатаев
      фото: Данияр Майлыбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *