Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалына жолдама алды

     81 килограмда бокстасатын Қазақстан боксшысы Әділбек Ниязымбетов Рио олимпиадасының финалына шықты. Ол жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсиді 3:0 есебімен жеңді. Әділбек финалда кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен кездеседі.

13912482_321496804854041_3480327068534407669_n

Жекпе-жектен кейін Ниязымбетов «Кездесу оңай болған жоқ. Екі раунд ұтқан соң үшінші раундта бапкерлердің айтқаны бойынша аяқта ойнап жүрдім. Кубалық боксшымен бірнеше рет кездестім. Оны ұту үшін шапшаңдық керек. Жеңуге тырысамын» деді.

Мырзағали Айтжанов «Ниязымбетов біз қойған тактиканы толық орындап, жақсы жеңіске жетті. Ұлыбритания мен Қазақстан құрамаларының біріккен оқу-жаттығу жиынында Буатсимен спарринг кездесу өткізген. Соның пайдасы тиді. Енді финалда кубалық боксшымен оңай болмайды. Ниязымбетов онымен екі рет кездесіп, жеңілген. Енді есе қайтару үшін Риода барын салады» деді.

14022138_1414243391936427_897377927758824759_n

      Әуесқой бокстың  дербиі дәл осы екі боксшының арасында болайын деп тұр. Әділбек пен Ла Круз бұған дейін бір-бірімен үш мәрте кездескен екен. 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатың финалында кубалық боксшы ұтса, 2012 жылы Алматыда өткен бокстан халықаралық турнирде Әділбек есе қайтарған болатын, қос боксшының соңғы жекпе-жегі 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында өткен болатын, тартысты өткен ақтық айқаста Ла Круз жеңісті өз пайдасына шешіп кетті. Естеріңізге сала кетейік бұл салмақтағы финалдық кездесу 18 тамыз ақтау уақытымен сағат 23:30 болады, бұл жекпе-жекті Хабар арнасынан немесе Ақтау қаласының 7-ші шағын ауданда орналасқан баскетбол алаңында, үлкен экраннан тамашай аласыздар.

     Асқар Ағатаев

     фото: Данияр Майлыбаев, Изтурган Алдуев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *