Бейнеуде футзалдан жанұялық турнир өз мәресіне жетті

   Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл және Конституция мерекесіне байланысты 27-28 тамыз күндері Бейнеу ауданында тұңғыш рет футзалдан жанұялық турнир өтті. Жеті команда айналмалы жүйе бойынша өзара мықтыны анықтаған турнирде бас жүлдені 5 жеңіс 1 тең ойынмен Ережеповтер командасы иеленді. Екінші орынды 15 ұпаймен Күншығаровтар жанұясы иеленсе, қола жүлде Қылишаевтар жанұясына бұйырды.
Турнирдің жекелеген номинациялары:
Үздік жас ойыншы — Жанашев Жанібек, Жалғабаевтар жанұясы
Үздік қақпашы — Абдуллин Ринат, Ережеповтер жанұясы
Үздік қорғаушы — Гарабаев Қуаныш, Гарабаевтар жанұясы
Мерген ойыншы — Мусаев Толыбек, Мусаевтар жанұясы
Үздік ойыншы — Қылишаев Асхат, Қылишаевтар жанұясы
Сонымен қатар Күншығаров Бауыржан, Елемесов Сырым арнайы жүлделерге ие болды. Жеңімпаз командалар мен жекелеген ойыншыларға ақшалай және естелік сыйлықтар табысталды.

1472978681_kunshygarov 1472978677_kylishaev

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *