ЖАҢАӨЗЕНДЕ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, осы жылдың 4-5 қазан күндері Жаңаөзен қаласындағы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-спорт кешенінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне 14 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан 250 жуық спортшы қатыспақ.

Ауқымды шара Жаңаөзен қаласында алғаш рет ұйымдастырылғалы тұр. Бұл чемпионат өз кезегінде, өскелең ұрпаққа спортқа деген қызығушылығын оятып қана қоймай, еліміздің атын әлемге танытатын спортшыларды тәрбиелеуге өзіндік ықпалын тигізбек, – дейді, Маңғыстау облыстық грек-рим, еркін күрес федерациясының атқарушы директоры Нұрлан Джалимов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *