Ақтауда қаласында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті

    17-18 қыркүйек аралығында Ақтау қаласының Теннис орталығында дзюдо күресінен ҚР үздік фермері, облысымыздың құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған 8-і халықаралық турнир мәресіне жетті. Дүбірлі жарысқа Жапония, Франция, Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан  300-ден аса спортшы ересектер мен қыздар арасында 14 салмақ дәрежесі бойынша өзара чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтады.

img_7801

Жарысқа арнайы келген құрметті қонақтарға, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының басшысы Самат Мұсабаев  ҚР дзюдодан ұлттық құрама командасының бас бапкері Ермек Имамбеков пен ҚР қыздар құрама командасының бас жаттықтырушысы Жексембай Саламатовқа 250 000 теңге сертификаттарын табыстады. Кеше ғана Рио Олимпиадасының төрінде жарқындай жарқылдаған батырымыз 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовке 1 000 000 теңгенің сертификатын табыстап, алдағы үлкен жарыстарда табыс тіледі.

img_8116

«Елімізде дзюдо күресі бойынша ересектер арасында үш үлкен жарыс бар, біріншісі ел біріншілігі болса, одан кейін Орал қаласында жыл сайын өтетін кеңестер одағының ері Мәншүк Маметова еске алуға арналған халықаралық турнир және біздің дәстүрлі Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турниріміз. Биылғы жарысымыз өте жоғарғы деңгейде өтті, ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Маратбек Мықтыбеков жарыстың ұйымдастырылуына жоғарғы бағасын беріп, 2017 жылға жастар арасындағы ел біріншілігін осы Ақтау қаласында өткізуге бізге ұсыныс берді. Ендігі мақсат ел біріншілігін абыроймен өткізіп, сенімді ақтау. Жарысқа келген балуандарды өздеріңіз көрдіңіздер бәрі мықты жақсы дайындалып келген, әсіресе көрші Әзірбайжан елінің балуандары жарады — деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының басшысы Самат Мұсабаев.»

Ермек Имамбеков, ҚР дзюдодан ұлттық құрама командасының бас бапкері:

img_7874

— Жыл сайын турнирдің деңгейі өсіп, қатысушы спортшылардың саны ұлғаюда. Ақтау қаласына, жалпы осы жарысқа бірінші рет келуім, мен қуаныштымен, өйткені өзіңіз көрдіңіз екі күн бойы қандай қызықты тартысты кездесулер өтті. Жарысқа қатысушылардың арасында еліміздің ұлттық құрама сапында күресіп жүрген балуандардың өнерін көрермендер тамашалады.

Назарларыңызға, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған 8-і халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Ересектер
60 кг:
1.Сүіндік Жұманов (ОҚО)
2. Амангелді Бақытжан (БҚО)
3. Әбіл Мейрам (Маңғыстау обл)
3. Ғалымов Алмас (Алматы)

66 кг:
1. Велиев Тельман (Әзірбайжан)
2. Қуанов Есет (Ақтөбе)
3. Сержанов Дархан (Қызылорда)
3. Жақсыбеков Ерлан (Қызылорда)

73 кг:
1. Жұмақанов Елдос (Маңғыстау обл)
2. Серік Ақылбек (Қызылорда)
3. Мамуев Иса (Ресей)
3. Сакенұлы Ерасыл (Алматы)

81 кг:
1. Мағауияұлы Табиғат (Атырау)
2. Сафарли Афиг (Әзірбайжан)
3. Нажмединов Акмал (Өзбекстан)
3. Сагаипов Саид (Ресей)

90 кг:
1. Дадашов Рирудин (Әзірбайжан)
2. Ескирханов Адлан (Ресей)
3. Шарбатти Васив (Әзірбайжан)
3. Жаңабай Мейрамбек (Маңғыстау обл)

100 кг:
1. Исақабылов Махат (Қызылорда)
2. Серікбаев Айбек (Қызылорда)
3. Қалиев Арман (Атырау)
3. Салімгереев Нурым (Қызылорда)

+100 кг:
1. Ерғалиев Еламан (Қызылорда)
2. Имангазин Нұрсұлтан (Ақтөбе)
3. Абдулов Айтуар (Астана)
3. Қажыбаев Ерасыл (ШҚО)

Әйелдер
48 кг
1. Наймантаева Гулфайруз (Қызылорда)
2. Сайыл Гулдана (ОҚО)
3. Ермаш Аида (Қызылорда)

52 кг:
1. Бельдягина Ксения (Қырғызстан)
2. Мұссырман Динара (Астана)
3. Аипова Диана (Алматы)
3. Түтекова Айғаным (Алматы обл)

до 57 кг:
1. Казулина Анна (Маңғыстау обл)
2. Нышанбаева Севара (ОҚО)
3. Аланазарова Амангул (Өзбекстан)
3. Қарасайқызы Кәмшат (Маңғыстау обл)

63 кг:
1. Мұраталі Айгерим (Жамбыл)
2. Хаби Алтынай (Астана)
3. Болат Айжан (Қызылорда)
3. Кенбейіл Ажар (Астана)

70 кг:
1. Щербакова Аэлита (Алматы обл)
2. Құдарова Динара (Қызылорда)
3. Тұрдан Ақниет (Маңғыстау обл)
3. Жақыпбекова Перизат (ОҚО)

78 кг:
1. Амангелдиева Альбина (ОҚО)
2. Самиғоллаева Эльмира (Атырау)
3. Ақылбаева Мархабат (Қызылорда)
3. Амайева Азман (ОҚО)

+78 кг:
1. Доқтырбаева Руза (ОҚО)
2. Еркінбаева Саниям (Өзбекстан)
3. Капсалиқова Саида (Атырау)
3. Тұршабек Нұрқаным (Қызылорда)

Асқар Ағатаев

фото Талант Құсайн

img_8082 img_7744 img_7905 img_7932 img_8008

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *