Анапада өткен кикбокстан халықаралық жарыста маңғыстаулық спортшылар 8 медаль олжалады

   Қыркүйек айының 21-25 аралығында Ресейдің Анапа қаласында кикбоксингтен дәстүрлі жастар арасында халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа 27 елден 800-ден астам спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Жыл сайын өтетін жарысқа біздің маңғыстаулық кикбоксшылар да қатысып, жүлделі спортшылар қатарынан көрініп жүр. Биыл да ізгі дәстүрді Есенмұрат пен Төремұрат Селиков бастаған жас кикбоксшыларымыз сәтті өнер көрсетіп, қоржынымызға бір алтын, екі күміс және бес қола медаль салды. 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жұбатқан Сайынов жарыстың чемпионы атанса, Әлібек Қуанғалиев пен Нұрберген Демесінов күміс медалді есе тұтты, ал Даулет Қадір, Жанбыл Танбай, Дастан Батырхан, Данияр Сақтап және Ғани Әбілханов турнирдің қола медаль иегерлері атанды.

      Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *