Қазақ боксының атасы – Шоқыр Бөлтекұлы

    Қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 2-і аралығында Ақтау қаласындағы «Каспий» спорт кешенінде қазақ боксының негізін қалаушы, бокстан еліміздің тұңғыш СССР спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы жерлесіміз Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы IX халықаралық турнир бастау алады. Биылғы жарысқа Моңғолия, Ресей, Белорусия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен және Қазақстанның барлық аймақтарынан 150-ден астам былғары қолғап шеберлері жүлделі орындарды сарапқа салады. Қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы биыл 29 қазанда 100 жасқа келеді. Осыған орай, ұлы тұлғаның құрметіне деректі фильм түсіріліп жатыр. Шоқыр Бөлтекұлына арналған деректі фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында жүргізілмек.

99999999999999999999999

    Шоқыр Бөлтекұлы Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылында 1916 ж туған. Әкесі қарапайым балықшы Бөлтек теңізде балық аулап жүргенде қатты жел тұрып қайығы аударылып, өзі жағаға шығып жарақат алады. Есін жинап сүйретіліп, қайыққа жақындаса ауына үлкен Шоқыра деген балық түскен екен. Үйіне жақындағанда: әйелің ұл туды деп көршілер сүйінші сұрайды. Әке қуанышында шек жоқ, сүйреткен айбынды шоқыра балығын жақсы ырымға жорып, баласына Шоқыра деп ат қояды. Кейін оны ауыл-аймақ Шоқыр деп атап кетеді. Шоқыр сурет салуға бейім болған соң, Бакудегі, Киевтегі сурет институтына түседі. Институтта оқып жүріп, бокс үйірмесіне қатысады. Бапкері Иван Константинович Иванов болған екен. Оқуын бітіріп, Қазақтың опера және балет театрында сурет салып жүрген жас жігіт болашақ жары, кейіннен екі перзентінің анасы, Ақтөбелік биші Нұрсұлу Тапаловамен танысады. 1936 ж Бүкілқазақстандық спартакиада болады, бағдарламаға бокс та енгізіледі, бірақ Шоқырға қарсылас табылмайды. Осы кезден бастап ел басшылары бокс спортын дамыту керек деп шешім қабылдап, Шоқырды Мәскеу мен Ленинградқа тәжірибе алмасуға жібереді. 1936 ж қазан айында Қазақстанда тұңғыш бокс үйірмесі осылайша ашылады. Шоқыр боксшы ретінде 223 рет рингке көтерілген. 50 рет финалға шыққан, оның 38-де жеңіске жетіп, төртеуінде тең түскен көрінеді. «Шоқыр» журналының 2015 ж №2 санында (редакторы Астаналық әріптесіміз Бауыржан Берікұлы) Шоқыр Бөлтекұлы «Ер Қосай» жырының 1899 жолын жатқа біледі деп жазылған. Шоқырдың рухының мықтылығы да содан болар бәлкім. Халықаралық додаға қатысып жүрген біздің спортшыларымыз үшін бұл нағыз үлгі-өнеге боларлық дүние.
Шоқыр Бөлтекұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер, бірнеше тілді меңгерген полиглот, (неміс, украйн, араб, орыс тілі т.б.) Басында қаны бар, ұлтжанды турашыл, өз принципімен өмір сүрген. Туған топырақтан дарыған қасиеті оны батыл мінезді, тура айтатын, ұлтын сүйетін, рухы биік тұлға ретінде қалыптастырды. Текті топырақтан жаралған Шоқыр аға төлқұжатындағы ұлы деген тегін де өзгертпеген. Бірде Шоқырға Бауыржан атамыз әзілдеп: «Бізде екі-ақ нағыз қазақ бар. Бірі-сен, екіншісі-мен депті». Шоқыр аға қазақтың көптеген зиялыларымен жиі араласқан, Бейімбет Майлин, Шәкен Айманов, Бауыржан Момышұлы, Нұрғиса Тілендиев т.б. Қазір ата мұрасына иелік етіп отырған қызы Тотыға жазған өсиетінде: «Бала күнімде балықшыларға еріп, Сұлтан үпі деген әулиенің басына жиі баратынбыз, қасиетті жер еді, аяғың жетсе барып дұға қыларсың деген» Әкем айтқан әулиенің басын көзімнің жасын тия алмай, жылап жүріп зияраттадым.-дейді қызы Тоты өз естелігінде. Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында дүниеден озды. Араға төрт жыл салып зайыбы Нұрсұлу Елубайқызы да дүниеден өтті. Екеуі де иісі қазақтың жақсысы мен жайсаңы мәңгілік орын тапқан Кеңсай зиратында. Жыл сайын Ақтау қаласында Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасында бокстан  халықаралық турнир өтеді.

    ЖАРЫСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

    28 қыркүйек:
— алдын-ала кездесулер – 14:00;
— жарыстың салтанатты ашылуы – 18:00;
— алдын-ала кездесулер – 18:30.
29 қыркүйек:
— алдын-ала кездесулер – 15:00.
30 қыркүйек:
— ширек финал – 15:00.
1 қазан:
— жартылай финал – 14:00.
2 қазан:
— финалдық кездесулер, жарыстың жабылуы – 12:00.


 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *