Ауыр атлеткадан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде маңғыстаулық Ерлан Алдаберген күміс медаль олжалады

8 қазан Шымкент қаласында ауыр атлетикадан 17 мен 20 жас аралаығындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан 150-ден астам спортшы бақтарын сынады. Облысымыздың намысын Жаңөзен ауыр атлетка спорт мектебінің шәкірті 17-і жасар Ерлан Алдаберген қорғады. Алдымен Ерлан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 94 келі салмақ дәрежесінде екі жаттығудың қортындысы бойынша 278 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді, ал 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ол аса ауыр 105 келі салмақ дәрежесінде қоржынға тағы бір күміс медалді салды, серпе көтеру мен жұлқыма көтерудің қортындысы бойынша ол 278 келіні бағындырды. Ерланның бапкерлері Әділмағамбет пен Тимур Джамбировтың айтуынша, Ерланның үлкен жеңістері әлі алда, келесі жылдары өтетін Олимпиада ойындарында бағы жанатын спортшылардың бірі.

Ерланның ауыр атлетикамен айналысқанына не бары үш жыл болыпты, енді спортшы алда Орал қаласында өтетін Батыс Қазақстан ауыр атлетшілер арасында өтетін біріншілікке дайындығын бастап кетті.

Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *