Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Менімен бірге орында» акциясы өтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі шаралар өтіп жатыр. Барлығы да егеменді елдің 25 жылдығымен құттықтау, жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылуда. Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын тойлауды Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де  бастап кетті. Соның бірі  28-ші қарашада өткен  «Менімен бірге орында» акциясы. Акцияның басты қонағы  – Лондон және Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов болды.

Түстен соң басталған шараға мектептің 200-ге жуық 9 сынып оқушылары қатысты. Еліміздің бетке ұстар азаматы, талай жастарға өз жетістігімен жігер беріп жүрген Әділбек біздің акциямызды бірден қолдады. Ол өсіп келе жатқан жас балдырғандарымызды спортты, елді сүюге шақыру мақсатында оқушылармен бірге билеуге келісіп, бокстасу әдістері арқылы флешмоб билетті.   img_7790

 —Жауапкершілігі мен бауырмалдығына, қарапайымдылығына  тәнті болдық, — дейді мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Алтынзер Әмірқызы.

Белгіленген уақытқа келген боксшыны мектеп оқушылары дәлізден спорт залға дейін ду қол шапалақпен,  «Қазақстан, алға!», «Әділбек – чемпион!» ұрандарымен  күтіп алды. Кейін спортшы мектеп хореографы Сания Мырзабекқызымен қаз қатар тізілген оқушылармен бірге спорттық жаттығулар жасап, би биледі. Содан соң, боксшы өз саласы бойынша да бірқатар қимылдар көрсетті.

img_7807

Спорт саласына еңбегі сіңген боксшымен бірге дене шынықтырған оқушылар  алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті. Спортшының құрметіне оқушылар «Алға, Қазақстан! Әділбек чемпион!» деген ұранмен шығарып салды.

Әділбек ағамызбен дене шынықтырған қатты ұнады. Бұл ең алдмен рух сыйлайды екен. Өз еліңнің өркендеуі үшін еңбек етіп, үлес қосқың келеді. Мен де Отанымыздың алға жылжуына үлес қосқым келеді,- дейді 9-сынып оқушысы Бекзат Орынбасар.

Рысгүл Рамазанова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *