АҚ УНИВЕРСАДАҒА АПАРАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа кезекті жолдауында 2020жылға дейін тұрғындардың 30 астам пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы ерекше айтқаны есімізде. Осы орайда дүбірімен дүйім жұртты ұйытып келе жатқан 28-ші Бүкіләлемдік Студенттер арасындағы Ақ Универисада-2017 ойындары қалың бұқараның назарын өзіне аударып қана қоймай, спортқа көңіл бөліп белсене айналасуға зор мүмкіндік туғызғалы отыр. Жүзден аса ұлт-пен ұлыстар тұратын Алматы қаласының тұрғындары үшін аталмыш аламан жарыс тарихи спорттық мереке болады деп күтілуде.

Оңтүстік астанамызда осындай қыс спорты түрлерінен өтетін аламан сайыстар алғаш рет өтіп отырғаны жоқ. Алматы қаласында 2011 жылы 7-ші қысқы Азия ойындары болып өткені әлі есімізде болар. Ол Азияда ойындары да қаламыздың инфрақұрылымына айтарлықтай үлес қосқан болатын.

Міне енді кезекті келе жатқан Бүкіләлемдік 28-ші Ақ Универсиада-2017 қаламызда бірталай спорт сарайларының бой көтеруіне өлшеусіз мән беріп отыр. Оңтүстік астанамызда әлемдік стадартқа сай салынып қолданысқа беріліп отырған хан сарайындай «Haiyk Arena» мен «Аimaty Arena» спорт орындары осы универсиадаға ғана емес келешекте жалпы қала тұрғындарының спорттың қалаған түрлерімен айналысуына қызмет ететін болады.

Айталық «Аimaty Arena» 12 мың адамға орын есептелген болса, «Haiyk Arena» 3 мың адамдық орын бар, ал, Атлетикалық ауыл 5 мың адамдық орынға есігін айқара ашып отыр.

Бірақ сол соғылған зәулім спорт кешендері ішін спортқұмар халыққа толтыру үшін бағаны аспандатпай қалта көтеретіндей етіп қойса нұр үстіне нұр болмақ еді.

Сонымен қатар қысқы универсиаданың тарихында тұңғыш рет біздең елде, көрікті қаламыз Алматыдағы Алатау ауданында байрақы жарысқа арналып арнайы Атлетикалық ауыл бой көтермекші. Мұндай құрылыс орны бұрын соңды болмаға еді.

Универиаданың өзінің қайрат береьін қанатты сөзі, ерекшеленетін белгісі, айырықша тұмары болуы шартты. Елімізді тұғыш рет өткелі отырған 28-ші универсиаданың негізі жарқын символдары ол «Қанатыңды кең серме»-деген жастарымызды жігерлендіретін сөз тіркесі болса, биікке ұмтылуды көксеген «U» әрпі болып танылған. Сонымен бірге елімізге танымал тұлғалалардың алып жүретін алауы мен қанатын жайған жас Сұңқар құстың суреті белгіленген универсиада-2017 бойтұмары,классикалық стилдеге металл корытпасы арқылы жиектері ұлттық ою- өрнектермен айшықталған алтын, күміс, қола жүлделер марапаттайтын салтанатты сәтін күтіп тұрғандай.

Шетелдік Спортшылар мен делегация,қонақтардың елімізге ұшып келуіне орай Аймақтық және халықаралық ұшу жолына «Эйр Астана» АҚ біршама

жеңілдіктер жасап, универсиаданың басты серіктестіктерінің біріне айналып отыр. «Эйр Астана» АҚ сонымен қатар эстафеталық алаудың қазақстанды аралап өтуіне де барынша мүмкіндіктеріп жасамақшы. Бұл да бір қуанарлық жәй. Өйткені Отанымызда осындай әлемдік деңгейде өткелі отырған алам жарыс барсында тырп етпей тыгныш жатып алмай, еліміздің маңдайалды салаларының жомарттық жасап жатқандығын ерекше елеп ескерген орынды.

Айтпақшы алауды үздік студенттер алып жүретіні белгілі болғандықтан қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарыда конкурстық байқау бойынша жүхжен жүйрік,мыңнан тұлпар демекші, ортасынан озып шыққан студенттерді ірктеу жұмыстары белсене жүріп жатыр. Бұл да бір слтанатты шараға деген жақсы бір көзқарасты білдірсе керек. Бір мысал, Италияның Торино қаласында кезекті универсиада өткеннен кейін бір жылдан соң, абитуренттердің оқуға тусуге деген құлшынысы он есе артқан екен. Сондықтанда айтулы универсиада барысында алау көтерген студеттерді көрген Алматылық жастардың білімге-оқуға деген құштарлығына жақсара түсеріне сөз жоқ.

Әрбір қаладан 60-қа жуық адам унивесиада алауын алып жүру мәртебесіне ие болатын болса, Алматы қаласы осы құрметке 100 адам бөлене алады деп жоспарлаған екен.

Хош, сонымен көптен күткен ұлы думаннның да басталар күніне бар-жоғы екі айдың көлеміндей уақыт қалды. Тойдың болғанынан боладысы қызық –демекші, қаңтардың 29 мен ақпанның 8 жұлдызы аралығында өткелі отырған бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада ел спортының тарихына жаңа есімдерді тіркетіп, әсерлі естеліктерімен көпшіліктің есінде ұмытылмастай болып қалтынында күмән жоқ. Жан алысып жан беріскелі отырған байрақты бәсекеге 2 мыңға таяу спортышлар келіп қатысып, әр елдің үкілеп қосқан саңылақтары спорттың 12 түрінен күштерін сынамақ.

Универсиада барысында 3 мыңға тарта шетелдік және өзіміздің елдің еріктілерлері ат салысуға білектерін сыбанып әзір тұр. Сонымен қатар , аталмыш доданы 30 мыңнан астап қазақстандық және шетелдік туристер келіп тамашалайды деп күтілуде.

Сайыстар өтетін жерлер телекөрсетілімдер арқылы әлемнің 80 мемлекетіне таралып, 1 млрд астам көреремен халық тамашалайтын болады.

Міне осындай ауқымы кең бүкіліәлемдік жарыстың қазақ жерінде өткізіліп отыруының өзі еліміз үшін үлкен мәртебе болып отыр.

Универсиада Оңтүстік астанамызда өтетін болды деген сәттен бастап, қыстық спорт түрлерінен өтетін аламан жарысқа еліміз болып жұмыла жұмыс жасап келді.

Ақбасты Алаутаудың ақ бауырында орын тепкен сүйікті қаламыз Алматы халқы бүкіләлемдік 28-ші студенттер универиадасын асыға күтуде. Спорт нысандары тас-түйін дайын, ел намысын қорғайтын спортшыларымыз да ерекше әзірлікте. Ия, әлемнің әр түкпірінен келгелі отырған мыңдаған қонақтарды жайлы жерге жайғастырып, қазақы қонақжайлығымызды таныта отырып, олардың қауіпсіздігін қадағалау оңай шару емес. Осы бағытта

Бүкіләлемдік 28-ші студенттер универсиада дирекциясы жан-жақты дайындылауда.

Қазіргі таңда допинг дауы әлемдік ақпараттар ағымдарының аса назарында тұрғандығы белгілі. Оған дәлел ауыр атлетикадан айды аспанға шығарып, әлемдік рекортдттар жасаған олимпиада чемпиондары атанған жұлдыздарымыздың допинг дауына ілігіп, бар медаль, атақтарынан жұрдай болып тақырға отырып қалуы. Сондықтанда осы қоғамда ушығып тұрған уытты мәселені де ерекше назарда ұстауды жөн көрген Унивирсиада-2017 дирекциясы FISU медициналық комитеті мен бірігіп, бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада жарыстарына қатысты жаңадан допинг- бақылау жұмысын жасап шығарған екен. Сонымен бірге спортшыларды сынақтан өткізуде жоспарда қатаң қаралған. Допинг-бақылу жүйесі бүкіләлемдік допинг қарсы кодекс мен халықаралық сынақтан өткізу стандартына сай жасалып отыр.

Спортшылар үшін жарақат алып қалмаудың өзі бір жеңіс болып саналады. Бетін ары қылсын, бәсеке барысында ауыр жарақат алып қалған спортшыларға жедел жәрдем көрсету ол қалалық медицианалық орталықтарының жаупкершілігне жүктелген. Сондықтанды жарыс кезінде Алматы қаласының 8 стационарлық орталықтары көмекке тартылып, 30 медициналық жедел жәрдем бригадалары қамтылған.

Мұның өзі спортшыларымыз бен келген қонақтардың аман саулығы айырықша назарда дегенді білдіреді.

Ал, Универсиадаға қатысып ел намасын қорғағалы отырған 227 спортшының 121 ұл, 106 қыз бала екендігін айта кеткеніміз жөн болар. Студент жастарымыз еліміздің көк байрағын көктен желбіретіп табысты өнер көрсетуді мақсат етуде. Қазақстанның намысы үшін сынға түскелі отырған спортшыларымыздың ішінде Денис Тен, Юлия Галышева, Роман Керч, Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша секілді алтыннан үміткер маңдайалды алыптарымыз бар.

Алдағы Универсиада барасында еліміздің әр аймағынан эстафета алауының тұталуы аталған бүкіләлемдік студенттер арасында жалауын желбіреткелі отырған байрақты сайысты насихаттаудың маңызды бір бөлігі болып саналады.

Қаңтардың 25-29 аралығында Алматы мен Астанадан өзге Қазақстанның әр облысының орталығында алау оты жағылады.

Жарыстың ашылуын білдіретін алау оты 2017 жылдың 25 қаңтарында Астанадағы Назарбаев атындағы университеттің қабырғасында тұталып, ақпанның 29 жұлдызында эстафеталық алаудың жабылу салтанаты Алматыда өтеді. Эстафеталық алауды елімізге танымал қоғам, мәдениет, спорт саласындағы белгілі тұлғалар және студенттер алып жүретін болады.

Жалпы еліміз егемендік алғалы бері Қазақстандық спортшылар бүіләлемдік студенттер арасында өтетін Универиадаға 12 рет қатысып, 44 медаль жеңіп алған екен. Оның 18 алтын,13 күміс,13 қола медальдар.

Ал, Қазақстанның Универсиада тарихындағы ең жарқын жеңісі 2015 жылы Словакия мен Испания да өткен жарыс болып есептелінеді. Сол сында саңылқтарымыз шаңғы жарысы, биатлон, фристайл секілді спорт түрлерінен 5 алтын және өзге түрлерден 6 күміс жүлдені ел қоржыныныа түсіріп, Қазақстан командасы Fisu ресми емес есебі бойынша үшінші орынды иеленген болатын.

Ал енді қазақ жерінде тұңғыш алауы жағылатын аламан жарыста Қазақстандық спортшлырадың командалық үздік үштікке таласудың талабы қаншалықты екендігін алдағы бәсекеде көре жатармыз. Ал, әзірге 28-ші рет өткелі отырған бүкіләлемдік Универсиада -2017 жарысына дайындық жоғары деңгейде жасалынып жатыр деп толықтай айтуға болады.

Уақыт өзі сыншы,әрі емші-дссек, көтпен күткен ұлы мереке халықтың есінде ұмытылмастай әсерде қалар деген ойымыз бар.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

Фото Мұрат БЕЛГІБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *