Кулкашев Берекет Тараз қаласында кикбоксингтен өткен Республикалық турнирде чемпион атанды

Ағымдағы жалдың 26-29 қаңтар айында Тараз қаласында 1999-2000 және 2001-2002 жылғы туылған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ауған соғысы ардагері Әзімбек Жанкүлиевті еске алуға арналған Республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан 100-ден астам спортшылар қатысты. Осы жарысқа Маңғыстау облысынан аға жаттықтырушы Төремұрат Селиков бастауымен 16 спортшы аттанып, бес бірдей кикбокшымыз жүлдемен оралды. Атап өтетін болсақ, 45 келі салмақ дәрежесінде Кулкашев Берекет қарсыластарын бәрін таза жеңіп, турнирдің чемпионы атанса, Сатіпбай Айдархан мен Доғдырбайұлы Мұхтархан күміс медаль иеленді. Ал, Абуғалиев Райымбек пен Бақтыбаев Серік жарыстың қола жүлдесін есе тұтты.

«Мен осы турнирге айлар бойы дайындалдым. Турнир өте жақсы Қазақстанның күштi сайыскерлерi келдi. Чемпион болғаныма қуаныштымен, енді алда Қазақстан чемпионаты күтіп тұр, ел біріншілігіне дұрыстап дайындалып, сол жарыста топ жарғым келеді» — деп жарыстың жеңімпазы Кулкашев Берекет өз ойымен бөлiстi.

«Бiз осы жарыстарға жанымызды салып дайындалдық. Мен өз тәрбиеленушiлерімнің қабылетiне күмәнiм болған жоқ. Барымызды салдық, шәкірттерім жарады. Ақпан айының 4-5 күндері Таушық кентінде  кикбоксингтен облыстық чемпионат болады, осы жарыста топ жарған спортшылар алда өтетін Қазақстан Чемпионатына жолдама алатын болады» — деп Төремұрат Селиков түсiнiктеме бердi.

     Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *