«Маңғыстау бокс клубы» Балғынбекке 500 000 теңге көлемінде көмек көрсетті

Үміт сәулесі бағдарламасының кейіпкеріне Маңғыстау бокс клубының спортшылары көмек қолын созды. Балғынбек Бахтиярға Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов және «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің директоры Жандарбек Исанов қаржылай көмек көрсетті. Бұл жағдайға бей-жәй қарап отыра алмадық дейді олар. 11 жасар баланың басынан өткен оқиға спортшыларды да тебірентті.

Арнайы түсірілім топпен атағы әлемге аян боксшы ағалары  келеді дегенді естіген  Балғынбек осы күнді асыға күтті. Кездесуде Балғынбек чемпиондармен қауышып,  қуанышын жасыра алмады.

Балғынбек Бахтияр осыдан екі жыл бұрын тағдыр тәлкегімен тоққа түсіп екі бірдей қолынан айырылып қалды. Қазір ол қайғылы күнді есіне алғысы да келмейді. Әжесі немересінің болашағы үшін қатты алаңдайды. Ата-анасы қайырымды жандардан  үмітін үзбейді.

Маңғыстау бокс клубының спортшылары Балғынбекке 500 мың теңге қаржылай көмектесіп, протез алуына үлес қосты. Қайырымды  чемпиондар  Балғынбек Бахтиярдың басынан өткен жағдайды назардан тыс қалдырмады.

Әділбек Ниязымбетов — бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері
Осы теледидарды қарап отырған кезде осы жағдайды көріп, естіп, осы Маңғыстау клубы атынан , өзімнің бапкерім бар Марат Жакиев ағаларымызбен бірге, ұжымдағы боксшылардың атынан келіп, өз көзімізбен көрдік. Алла тағала шипа ем беріп, қай салға барсада, жаңа өзіде айтып отыр әнші боламын деп, өз маманының жеңімазы болсын.

Жандарбек Исанов — «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС директоры

Ұжымның атынан, спортшылармен жаттықтырушылардың атынан кішкене жинаған қаражатымызды әкеліп, азда болса көмек болсын деп үміт сәулесі бағдарламасынан көріп, бейжайсыз қарап отыра алмадық.

Балғынбек Бахтиярдың көңілі өсіп қалды. Спортшылармен дастархан басында әзіл-қалжын әнгімелер айтып,  қонақтарды күлкіге қарық қылды. Маңғыстау бокс клубының спортшылары келеді деп  ойлаған жоқпын. Айтар алғысым шексіз  дейді- балғын Балғынбек.

Балғынбек Бахтияр 

Мен бүгін қуанышты болып тұрмын. Осындай чғемпион ағаларымен мақтанатын боламын. Алғысым шексіз.

 «Үміт сәулесі» хабарынан кейін Балғынбекке көмек қолын созған қайырымды жандар көбейді.  Қаржы аударам деушілерге арнайы шот ашылған.

http://mangystautv.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *