Маңғыстаулық кикбоксшылар Молдавияда өткен халықаралық турнирден олжалы оралды

Молдова мемлекетінің Преднестровье қаласында сәуір айының 7-9 жұлдыз аралығында Кикбоксингтен Приднестровье Молдова президенті жүлдесі үшін халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарысқа тоғыз мемлекеттен Румыния, Латвия, Литва, Молдова,Украина, Белоруссия Приднестровье, Болгария, Казақстан елдерінен 100-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Маңғыстау облысынан аға жаттықтырушы Селиков Төремұрат басшылығымен 12спортшымыз қатысты. Турнирге қатысқан Маңғыстау облысының спортшылары К-1 әдісі бойынша жоғарғы дәреже жекпе-жектер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтатын болсақ,
I-орын, алтын медальді:
1. Амангелдi Дамир — 81 келі салмақта, К-1 әдісі бойынша;
2. Бақтыбаев Серік — 67 келі салмақта, К-1 әдісі бойынша;
3. Селбай Өнербек — 63,5 келі салмақта, К-1 әдісі бойынша;
4. Шауқан Бақыт — 45 келі салмақта, К-1 әдісі бойынша;
II-орын күміс медальді:
1. Елменбет Бақытжан — 54 келі салмақта, К-1 әдісі бойынша.
III-орын кола медальді иелененгендер:
1. Ахметов Манас — 51 келі салмақта К-1 әдісі бойынша;
2. Қадір Дәулет — 45 келі салмақта К-1 әдісі бойынша;
3. Бейбіт Абылай – 42 келі салмақта К-1 әдісі бойынша.
«Маңғыстау облыс әкімшілігі, Түпқараған, Маңғыстау аудан әкімшілігі, облыс және қала спорт басқармасы, жанкүйелер мен Маңғыстау облыстық Кик-Тайбоксинг федерациясы атынан жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз» — деді Маңғыстау облыстық Кик-Тайбоксинг федерациясы президенті Айтқали Түлеумағанбетов.
    Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *