«Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің өкілдері мен боксшылары Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының тұрғындарымен кездесті

20.05.2017 жылы «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің өкілдері мен боксшылары Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының оқушыларымен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Делегация құрамында ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің аға жаттықтырушысы Әділ Басығараев, бокстан Әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, бокстан Риода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, xалықаралық дәрежедегі спортшы («Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің спортшысы) Берік Абдраxманов, Олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері («Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің спортшысы) Әділбек Ниязымбетов, «Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-нің директоры Жандарбек Исанов,  «Дарабоз 2015» ЖШС-нің директоры Жанпейіс Назарғали болды.

Кездесудің мақсаты — ауыл жастарын спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту, насиxаттау, спорт мектебінің жағдайымен танысу, өтініштерін ескеру, көмектесу. Кездесу еркін форматта өтті. Мектеп директоры Кенже Раxманұлы жиналғандарды қонақтармен таныстырғаннан кейін бапкерлер мен спортшылар тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін айтты. Теледидар мен ғаламтордан ғана көрген әлемдік аренада өнер көрсетіп жүрген боксшы ағаларына сұрақтарын қойған әр жеткіншектің (болашақ чемпиондардың) жүзінен риясыз күлкі, жанарынан жалын, бойынан жігер мен намысты көрдік. Ердос Жаңабергенов ағасымен жұдырық түйістірген Даниярдың қуанышында шек жоқ. Кездесу кезінде інілерінің өтінішін жерге тастамаған Берік пен Әділбек шағын «мастер-класс» өткізді.  Қол жетпестей көрінетін бала армандарының бос қиял емес екендігіне сенді болашақ чемпиондар. Бала жүректерінен өлең арналып, әннен шашу шашылып жатты. Дене еңбегі мен ой еңбегін араластырып пайдалану керек деп әзілдеген Шайырлықтар қонақтарға «Мың сан шырақты — Шайыр» кітабын сыйға тартып, 19 мамыр күні туған күнін тойлаған Әділбек Ниязымбетовке ата жолымен шапан жапты.

Кездесудің соңында Шайырлықтар ЧЕМПИОНДАРМЕН естелік суретке түсті. Бапкерлер мен басшылық құрам, спорт жанашырлары спорт мектебінің аxуалын, мәселелерін, оларды шешу жолдарын қызу талқылады. Табиғаттың өзі жаттығуға мүмкіндік беретін тау мен тасты, таза ауаны Сыйға тартқан Шайыр ауылының облыстың өзге ауылдарына қарағанда басымдықтарға ие. Облысымызда жастардың бокспен айналысуына жағдай жасап, бірнеше жобаларды іске асырып, ауылдарда бокстың дамуына аса мән беріп жүрген «МАҢҒЫСТАУ БОКС КЛУБЫ » ЖШС-нің басшылық құрамы тың идеялармен оралды.

   Ақерке Бекмұратқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *