Ұлттық олимпиада комитеті мен ұлттық кітапхана меморандумға қол қойды


Бүгін Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті мен Қазақстанның ұлттық кітапханасы арнайы меморандумға қол қойды. Келісімге сай комитет пен кітапхана мәдени-спорттық бағытта серіктестікті дамытып, түрлі шаралар ұйымдастырмақ.

Ұлттық олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов «бұл серіктестік спортты дамытуға, олимпиадалық құндылықтарды таратуға, Қазақстан спортын олимпиада  қозғалысының бағытында дамытуға мүмкіндік береді» деді.

Ал Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдумановтың айтуынша, бұл келісім, Қазақстандағы дене шынықтыру мен спортты насихаттауға және дамытуға үлкен серпіліс береді.

 «Біздің кітапханада Қазақстан спорты мен әлем спортынан сыр шертетін кітап қоры мол. Кітапхана көптеген халықаралық ұйымдармен байланыста. Алдағы уақытта ұлттық олимпиада комитетпен түрлі шаралар, кездесулер ұйымдастырмақпыз. Бұл бастамалар елдегі спортты, қазақ спортының тарихын насихаттауға, құндылықтарды сақтауға көмектеседі» деді кітапхана басшысы.

Меморандумға қол қойған күні ҰОК мен ұлттық кітапхана 1993-2002 жылдары Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болған Аманша Акпаевты еске алуға арналған дөңгелек стол ұйымдастырды. Шараға Аманша Ақпаевтың жары Райхан Акпаева, әріптестері және жақындары қатысты.

Кітапханада алдағы уақытта түрлі спорт тақырыбына арналған кездесулер, форумдар мен семинар-жиындар ұйымдастырылады. 

  Руслан Меделбек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *