Конфедерация кубогы-2017: «В» тобында маңғыстаулық таэквондошылар жартылай финалға жолдама алды

29 қазан күні Ақтау қаласында конфедерация кубогының іріктеу кезеңдері өтті. «В» тобына түскен төрт облыстың споршылары спорттың төрт түрі бойынша сайысқа түсіп, жарыстың соңғы жартылай финалистері анықталды.

Жеребе бойынша «В» тобында Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Шығы Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы түскен болатын. Дзюдо мен грек-рим күресінен Қарағанды облысы, еркін күрестен Шығыс Қазақстан облысының командасы жартылай финалға жолдама алды. Дзюдодан Қарағанды құрамасы шешуші кезеңде Маңғыстау құрама командасын жеңіп кетті, дегенмен қарағандылықтар үшін жеңіс оңайға түскен жоқ 66, 73, +90 келі салмақ дәрежесіндегі белдесулердегі жеңімпаздар голден скорда анықталды, тәжірибелі Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев және Ержан Шынкеев жас қарсыластарын шан қаптырып кетті.  Маңғыстаулық таэквондошылар шешуші айналымда Қарағанды облысын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Маңғыстау облысының құрама командасының сапында татами төріне шыққан таэквондошылар:

  1. Абдрахманов Азамат(58 кг)
  2. Абсадық Нұрбек(63 кг)
  3. Бисенбаев Данияр(74 кг)
  4. Сарымсақов Қайрат(80 кг)
  5. Бекжанов Айбек(+80)
  6. Ізденов Саламат (запас 54 кг)

Бапкер: Ибраимов Ғани

Сонымен 2017 жылдың Конфедерация кубогының жартылай финалына келесі командалар жолдама алды.

Таеквондо: Алматы қаласы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы

Дзюдо: Алматы қаласы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы.

Грек-рим күресі: Қызылорда облысы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы.

Еркін күрес: Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан об

Бокс: Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы

Жарыстың жүлде қоры 125 млн теңгені құрайды. Финалдық кезең 2-3 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді.

   Асқар Ағатаев

   фото Данияр Майлыбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *