Самат Мұсабаев: «Бәсекелестік бар болса, нәтиже де болады!»

9 және 13 қараша аралығында Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт кешенінде әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді. Бұл жылы чемпионатқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 250 дзюдошы қатысады.

Чемпионатта Маңғыстау облысының намысын 18 спортшы қорғайды, оның ішінде – 14 ерлер болса, 4 – қыздар.

«2017 жыл аяқталуға таяу, бұл жылы Маңғыстау облысының дзюдошылары жанкүйерлерін барлық ірі республикалық және халықаралық турнирлерде жақсы нәтижелерімен қуантты, мұның барлығы Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясы мен жаттықтырушылар еңбегінің жемісі. Мұнда федерация вице-президенті Асылбек Жолдыбаев пен Қанат Жұмабаевтың, бапкерлер Манарбек Бисекенов, Рахмет Кетеев, Әділ Бисенқұл, Қайрат Бурбасов, Пернехан Толепов, Сергей Волобуев еңбектерін де атап өткен жөн. Қазіргі таңда Маңғыстау дзюдосының болашағы зор, оны тек іске асыру қажет және осы жолда барлық мүмкіндіктер біздің қолымызда бар. Осы жылы чемпионатта Әбіл Мейрам, Мамаев Рамазан, Нарбаев Бауыржан, Мырзай Бақнұр, Жеңісов Әмірбек, Жұбатқан Сұңғат, Сағынғалиұлы Бауыржан, Мұсаев Руслан, Жаңабай Мейрамбек, Төлеев Ораз, Әлқожаев Әбдуахмет, Жаманқараев Ерлан, Жарылғапов Нұрдәулет, Қалмырзаев Ғайса, Аппазова Балнұр, Кәмшат Қарасайқызы, Казюлина Анна, Тұрдан Ақниет секілді спортшылар облысымыздың абыройын қорғайды. Осыдан 3-4 жыл бұрын біз чемпионатқа команда жинай алмай қалатынбыз, әр салмақ дәрежесіне бір спортшыны әрең табушы едік, ал қазір әр салмақ дәрежесі бойынша 2-3 спортшыдан бар. Мен үнемі айтып жүремін, бәсекелестік бар болса, нәтиже де болады. Қазақстан чемпионаты алдында біз облыс чемпионаты арқылы іріктеу өткіздік, міне осы балалар іріктеу чемпионатында жүзден жүйрік атанып, еліміздің бас турнирінде облыс атынан шығу мәртебесіне ие болды. Егер олар чемпионат жеңімпазы атанса, федерация алтын тұғыр үшін – 2 000 000 теңге, күміс жүлде үшін 1 000 000 және қола жүлде үшін 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы тағайындап отыр,» — деп атап көрсетті Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Самат Мұсабаев.

Чемпионат нәтижесі бойынша жаттықтырушылар штабы 2018 жылға ұлттық құрама қомандасын дайындайтынын еске саламыз. Федерация атап көрсеткендей, ерлер арасындағы құрама көшбасшылары — әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов және әлем чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты біріншілікке қатыспайды.

Асқар Ағатаев

Жарыс кестесі

10 қараша

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 17:00

Финалдық белдесулер – 17:30

Ерлер: -60 кг; -66 кг;

Әйелдер: — 48 кг; — 52 кг;

11 қараша

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Ерлер:-73 кг, -81 кг

Әйелдер: -57кг, -63 кг,-70 кг

12 қараша

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

13 қараша

Қазақстан Респуликасының кубогы (командалық)

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 17:00

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *