ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ШОҒЫ БАТЫР МҰҢАЛҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС АЙМАҚТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне 2017 жылғы 1-3 желтоқсан күндері қазақ күресінен Шоғы батыр Мұңалұлы атындағы батыс аймақтық ашық турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен турнирді ұйымдастыру алқасының дайындық жиынында хабарланды.
Шоғы батыр Мұңалұлы – қазақ жерінің біртұтастығын, елінің азаттығын сақтап қалу жолында ерлігімен көзге түскен белгілі батыр, аса даңқты тарихи тұлғалардың бірі. Түркі халықтарының рухани астанасы деген ресми мәртебеге ие болған Түркістан қаласындағы ұлттық пантеон Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген хандар, билер мен батырлар арасында жаугершілікте жүріп ерлікпен шейіт болған Шоғы батыр Мұңалұлы да жерленген. Халқымыздың басқыншы қалмақ-жоңғарларға қарсы ұрыс алаңдарында көзге түскен Шоғы батыр шешуші шайқас Сауран бекінісін алуға қазақ әскерінің Бас батыры болып қол бастап, жеңіске жетіп, сол соғыста өзі де жараланып қаза тапқан.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын батыс аймақтық ашық турнир келер жылдан бастап республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ.

    Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *