Пауэрлифтингтен Маңғыстау облыстық біріншілік өтті

Қаңтар айының 28 күні Жаңаөзен қаласында «Энергетик» спорт кешенінде пауэрлифтингтен ересектер мен жастар арасында облыстық біріншілік болып өтті. Жарыстың басты мақсаты — әр жас дәрежесі бойынша көктемде өтетін ел чемпионатына баратын Маңғыстау құрамасын анықтау болатын. Ақтау және Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданынан келген спортшылар тартысты өткен кездесулерде үздіктерді анықтады. Ақтау қаласының Досан батыр атындағы спорт кешенінің командасы жалпыкомандалық есепте үздік атанып, ересектер арасында 2 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлделерді қанжығасына байлады. Атап өтер болсақ:
1 орын — 93 келі, Тленбаев Талғат (220 келі көтерді)
1 орын — 105 келі, Мухамадиев Руфат (235 келі көтерді)
2 орын — 66 келі, Сисембаев Әділет (107,5 келі)
2 орын — 74 келі, Джакиев Әлімжан (135 келі)
2 орын — 83 келі, Аязбаев Батыржан (127,5 келі)
2 орын — 105 келі, Матенов Исембай (170 келі)
3 орын — 93 келі, Нұрсебепов Әсет (140 келі)
3 орын — 105 келі, Кащиев Айдос (160 келі)
Сонымен қатар жастар арасында 66 келіде қатысқан Пакуадин Ақылбек 90 келі зілтемірді көтеріп, 2 орын иеленді.
Аталмыш жарысқа Досан батыр спорт кешенінің командасын дайындаған бапкерлер Сарбалаев Қуат пен Тленбаев Талғат екенін де айта кетпеске болмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *