Маңғыстаулық көкпаршылар Таразда өткен республикалық жарыста қола жүлде иеленді

Тараз қаласында көкпардан жастар арасындағы республикалық турнир аяқталды. 

Атақты көкпаршы Әшімхан Кенжебеков атындағы көкпар спортынан жастар арасындағы елішілік турнир ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  күнтізбелік жоспарына енгізілген ресми жарыс. Республикамыздың әр өңірінен келген сегіз команда жүлделі орындарды сарапқа салды. Апта бойы Тараздың төрінде бақ сынаған сегіз команда арасынан үш команда ақтық сынға суырылып шықты. Жарыстың қортындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы қола жүлдеге ие болды. Барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтқан Жамбыл облысының жастары әйгілі көкпаршы Әшімхан Кенжебеков атындағы республикалық турнирдің жеңімпазы болды. Екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды.

   Асқар Ағатаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *